Accessibility links

Келлог: АҚШ Украинаға Ресейдің ішкері жағын нысанаға алуға тыйым салмайды


АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог
АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог

Украинаның Ресейдің ішкері аумағына шабуыл жасауына АҚШ қарсы емес. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Fox News журналисі Джеки Генрих Келлогтан: "Трамптың ұстанымы – Украина Ресейге алыстан шабуыл жасай алады және оған президент рұқсат берген дегенді білдіре ме?" деп сұрады. Келлогтың сөзінше, Дональд Трамптың, вице-президент Джей Ди Венстің және мемлекеттік хатшы Марко Рубионың сөздеріне сүйенсек, бұған "иә деп айтуға" болады.

Ол сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте өткен кездесуде Трамптан Украинаға алыстағы нысанаға арналған Tomahawk қанатты зымырандарын беруді сұрағанын, алайда бұл мәселе бойынша шешім әлі қабылданбағанын еске салды.

XS
SM
MD
LG