БҰҰ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылды. Саяси институттар мен саясаттанушылардың бір бөлігі ортақ мәмілеге келу қиындағанда "ұйымға реформа қажет" десе, енді бір бөлігі реформа жүргізілгенімен, алпауыт елдер ымыраға келе алмаса, бәрі бекер дейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанына биыл 80 жыл толды. Саяси институттар мен саясаттанушылардың бір бөлігі БҰҰ-ның жұмыс құрылымы ескірді, реформа қажет десе, енді бір бөлігі реформа жүргізілгенімен, алпауыт елдер ымыраға келе алмаса, бәрі бекер дейді.
Екі күндік шеруден соң Непал астанасы Катмандуда полиция тәртіп орнатты. Қақтығыстан кемі 22 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Халықаралық қауымдастық халыққа қару қолданған билікті айыптады. Армия қолбасшысы наразыларды келіссөзге шақырады. Ары қарай не болады?
Ауғанстанның шығысында болған 6 магнитудалы жер сілкінісі шамамен бір жарым мың адамды мерт қылды. Әсіресе биліктегі "Талибан" қозғалысының шектеулері еркіндігіне тұсау салған ауған әйелдері өте қиын жағдайда қалды.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинді және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) өзге лидерлерін қонақ етпек. Қытай екі күндік саммит арқылы Еуразиядағы ықпалын күшейтуді көздейді.
АҚШ Украинаға 825 млн долларға қару-жарақ сатуды мақұлдады. Оның алдыңғы легі 1,5 ай шамасында жеткізіле бастамақ. Ал Киевте 28 тамыздағы Ресейдің зымыран шабуылынан қаза тапқан адам саны 23-ке жетті. Оның төртеуі – балалар. Кремль бұл оқиғаны "әскери нысандарға жасалған шабуыл" деп атады.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы АҚШ-тың Жапонияға екі ядролық қару тастауымен аяқталды. Жойқын қарудан екі қаласының күл талқаны шыққан жапон билігі берілу туралы шешім қабылдаған. 80 жыл бұрын атом бомбасы жарылған екі қаланың бірі Хиросима қазір гүлденген, дамыған қалалардың қатарында.
Тағы