Президент Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің құзырын кеңейтетін жарлық шығарды. Бұған дейін жоғары лауазымды тұлғалар мен маңызды нысандарды қорғаған МКҚ енді қорғаныс өнеркәсібі, әскери техникаларды сынақтан өткізу, басқару, әскери-техникалық ынтымақтастыққа араласу сияқты жаңа өкілетке ие болды.