Ресей ұшақтары НАТО-ның қытығына тиіп жатыр. Соғыстағы ахуал
Украина Ресейдің мұнай өңдеуші зауыттарын тағы атқылады. АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен кездесуінде «Украина барлық жерін қайтарып алуға қабілетті, Ресейдің эконмикасы әбден нашаралады» деген тұжырымын қайталады. Ал НАТО елдері Балтық теңізінен ұшып өткен Ресей ұшақтарына тосқауыл қойғанын хабарлап жатыр.