Қазақстан Қытайдың цензура құралын сатып алған ба?
Қытайлық компанияның әшкере болған құжаттарымен танысқан зерттеушілер Қазақстан Қытайдың әйгілі цензура құралын сатып алған елдердің бірі деп мәлімдеді. Ол ұнамсыз нәрсені бұғаттайтын және интернетті толық өшіріп тастауға мүмкіндік беретін цензура технологиясы. Астана мұны жоққа шығарды.