Ресей Федерациясы құрамындағы республиканы 20 жылдай уақыт бойы басқарып келе жатқан Қадыров билікке қалай келіп еді? Оны неге Владимир Путиннің одақтасы деп атайды? Шешенстандағы әлеуметтік-саяси ахуал қандай? Мәскеу Қадыровты орнынан алуды көздей ме? Бұл хабарда Шешенстан мен Қадыров туралы осы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіруін ақтап алуға, Қытай төрағасы Си Цзиньпин дипломатияда өз ықпалының арта түскенін байқатуға тырысты.
Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің ұлы Илья елдегі ірі мемлекеттік өнеркәсіп конгломераты "Ростех" корпорациясына еншілес компанияда істейді. Украинадағы соғыста пайдаланатын қару-жарақтың бір бөлігін осы корпорация өндіреді. Мұны Азат Еуропа/ Азаттық радиосының "Система" жобасы анықтады.
Украинада ауқымды соғыс басталғаннан кейін Ресейде ксенофобия деңгейі күрт артты. Көбіне ондаймен мигранттар мен байырғы халықтардың өкілдері бетпе-бет келді.
4 тамыз күні Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуыл бойынша сот процесінің алғашқы отырысы өтіп, тәжікстандық төрт күдікті азамат тағылған айып бойынша кінәлі екенін мәлімдеді. Сот залында оларға қамауда қалай ұсталғаны жайлы, "Ислам мемлекеті" қатарына тарту жайлы сұрақ қойылды.
Дағыстанда туып өскен 18 жастағы Саид Муртазалиев биыл қаңтарда Мәскеуге барған кезде полиция оны достарымен бірге ұстаған. Саидқа әлдебір қылмысты таңып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасуға мәжбүрлеген. Анасының сөзінше, оқушыға қоқан-лоқы көрсетіп, аязда суық су шашып, ұрып-соққан.
Украинада соғыс басталғалы бері Ресейге мигранттарға қарсы көңіл-күй күрт күшейді. Репрессивті заңдар қабылданып, шенеуніктердің қастық сипаттағы риторикасы күшейді.
24 шілде күні Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушы ұшағы құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтағы 49 адам түгел опат болған деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Кей басылымдар апатқа ұшыраған ұшақ жарты ғасырдан бері пайдаланылып келген деп жазды.
Ресейде бұрынғы көлік министрінің мәйіті табылған күннің ертесінде дума депутаттары жаңа министрді бекітті. Ресей президенті оны қаза болардан бірер сағат бұрын ғана қызметінен босатқан еді.
Тағы