Трампты мысқылдаған Медведев, мінберден сын айтқан Зеленский. Соғыс жаңалықтары
Сәрсенбі күні түсте Новороссийск қаласының орталығына дрон соққысы жасалды. Билік мәліметінше, екі адам қаза тауып, 11 адам жараланды. Каспий құбыр консорциумының кеңсесі зақымданды, бірақ теңіз портына зиян келмеген. Мәскеу мен ресейлік шенеуніктер АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейді «қағаз жолбарыс» деген сөзіне реакция білдіріп жатыр.