Accessibility links

Bloomberg: НАТО Ресейге әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды атып түсіретінін ескертті


Ұлыбритания, Франция және Германия дипломаттары Мәскеуге НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі солтүстікатлантикалық одақ елдерінің әуе кеңістігін бұзған Ресейдің әскери ұшақтарын атып түсіруге дайын екенін ескертті.

Бұл жөнінде жағдайдан хабардар дереккөздерге сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.

Тараптар арасында кездесу 19 қыркүйек күнгі оқиғаға қатысты болған. Ол кезде ресейлік МИГ-31 жойғыш ұшағы Эстонияның әуе кеңістігінде шамамен 12 минут болған. Балтық елдерін күзететін италиялық әуе күштерінің ұшақтары әуеге көтерілген.

Bloomberg-тің жазуынша, ресейлік дипломат оқиғаны Украина күштерінің аннексияланған Қырымға шабуылына жауап ретінде атаған. Кремльдің болжамынша, мұндай операцияларды НАТО-ның қолдауынсыз жүргізу мүмкін емес.

Кездесуден кейін Еуропа елдерінің өкілдері Ресей әскері Эстонияның әуе кеңісігін қасақана бұзды деген қорытындыға келген. Ал Мәскеу мұны мойындамайды.

XS
SM
MD
LG