Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 2 миллиард теңге игерілмей қалғанына наразы болып, министрлер мен облыс әкімдерін сынады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі еттің қымбаттауына "ауа райы әсер етуі мүмкін" екенін айтады. Ал тұрғындар басқаша жориды.
Астана қаласы әкімдігі «Белсенді азамат» шарасы аясында ашық есік күнін өткізді. Шараға келгендердің көбі баспана мәселесін айтты. Астана, 8 ақпан 2017 жыл.
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жер туралы жаңа заң жобасымен таныстырды.
Азаматтық алғанға дейін тұрақты тіркеуге тұру үшін оралмандардан келген елдерінде «сотталмағаны» жайлы анықтама талап етіледі. Бірақ жергілікті жерлерде бұл анықтаманы қабылдату қиын.
Бұрынғы сенат депутаты, "Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының" президенті Зәуреш Баталова конституциялық өзгерістер жобасындағы "Қазақстан республикасы азаматтары" сөзін "әркім" деп өзгерту - "шетелдіктерге Қазақстан жерін жеке меншікке өткізудің жолы" деп санайды. Астана, 6 ақпан 2017 жыл.
Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев туралы "қамауға алыныпты" деген сыбыс таратушыларға шүйлікті.
Президент Назарбаевтың кезекті жолдауын халыққа түсіндіру үшін ел аралауға шыққан депутаттарды қолдайтындар да, сынайтындар да бар.
Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров ауылшаруашылық саласына субсидиялар бөлудегі жемқорлық себебін "адами фактормен" байланыстырады.
Үлескерлер ел президенті мен үкіметінен құрылысы аяқталмаған үйлерін салуға қаржы бөлуді сұрады.
Қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің серігі саналатын, "Қазақстан билігі Түркиядан алдырды" деген Жақсылық Жарымбетов "Әблязовтің қылмысына қатысы жоғын" айтады.
Астана жанындағы Қоянды ауылына электр қуаты біресе беріліп, біресе берілмейді. Электр мекемесі тұрғындар қарызын алға тартса, тұрғындар ақшаны уақтылы төлейтіндерін айтады.
"Щебсклад" саяжайы тұрғыны Ерлан Қасымбек қала сыртындағы Жібек жолы ауылынан берілген жерге разы емес.
Астанада қаңтардың 23-і және 24-і күндері Сирия қақтығысы бойынша халықаралық келіссөздер өтеді.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген фильмдерге жұмсалған ақшаның өтемін күтпейтінін айтады. Бірақ тұрғындар ол пікірмен келіспейді.
Жылу жүйесі көмірге тәуелді қаланың экологиясын тазарту үшін белсенділер билікті газдандыру мен сұйытылған газға көшуге үндейді.
Астана әкімшілігінде көлік құрылымын жетілдіру жайлы қоғамдық тыңдау өтті.
Он шақты адам "қазақстандық қыздарды қытай азаматтарымен таныстырамыз" деген неке агенттігінің алдына барды.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігін "азаматтарды уақытша тіркеуге тұруды міндеттейтін жаңа заң жобасын түсіндіру жұмысы кеш бастады" деп сөкті. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, 7-9 қаңтар күндері 40 мың адам тіркеуге тұрған.
Астанаға уақытша сапар шеккен тұрғындар жаңа талап бойынша тіркелу кезінде сағаттап кезек күтетіндерін айтып шағынады. 6 қаңтар 2016 жыл
Тағы