Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астаналық зейнеткер Баянбай Исраилов советтік жүк машинасынан әскери техникаға ұқсас көлік құрастырды.
Белсенділер Шахандағы үйсіз қалған адамдарға көмек жинап жатыр.
Азаттық тілшілері Астана көшесінде жолықтырған адамдардан жаңа жылдан не күтетіні жайлы сұрады.
Азаттық тілшілері Астана тұрғындарының өтіп бара жатқан жыл туралы пікірлерін сұрады.
Полицейлер 1 қаңтардан бастап көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды.
2016 жылы Қазақстанда билік «терроршылар» деп сипаттаған адамдардың қатысы бар үш оқиға болды. Ақтөбе мен Алматыда көп адам қаза тауып, Гүлшат ауылында күдікті өзін жарып жіберді.
Мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінікеевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдап дауыс берді.
Суретші Асхат Ахмедияров Астанада «Өмір сүру үшін өлу» атты шара ұйымдастырды.
Астанада тұңғыш рет республикалық дрон ұшқыштарының жарысы өтті. Қазақстанның жеті облысынан жиналған 50-ге жуық ұшқыш квадрокоптер басқару шеберлігі бойынша сынға түсті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 2050 жылы қандай болашақ күтіп тұрғаны жайлы айтты.
Бес жыл бұрын Жаңаөзенде қантөгіске ұласқан оқиға жайлы қазіргі парламент мүшелері мен үкімет шенеуніктері не ойлайды?
Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Азаттық тілшісіне Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік проблемалары мен өзі қатысқан Желтоқсан оқиғасы жайлы сұхбат берді. Астана, 11 қараша 2016 жыл.
АҚШ-та өткен президент сайлауында республикашылдар партиясынан кандидаты Дональд Трамптың жеңіске жеткені жарияланды. Қазақстан парламенті депутаттарының пікірінше, АҚШ-тың президенті кім болса да, ол елдің Қазақстанмен саясаты еш өзгеріске ұшырамайды.
Астанада ұялы телефон жөндейтін жылжымалы шеберхана пайда болды. Қажетті құралмен жабдықталған арнаулы көлік телефоны бұзылған адамға барады.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әскери соты қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен, соның ішінде "билікті күшпен басып алмақ болды" деп те айыпталған шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етті.
Парламент қабылдап жатқан заңдар сапасы қандай? Парламентаризм институты өз міндетін атқарып отыр ма? Жемқорлықпен күресте депутаттар неге алға шықпайды? AzattyqLIVE тақырыпты бұрынғы депутат Серік Әбдірахмановпен талқылады.
"Азбука жилья" құрылыс компаниясы алдап соқты" деп шағымданған қырық шақты үлескер "Айсанам de luxe – Успех" тұрғын үй кешенінің мәселесін айтып бас прокуратураға барды.
Астана қаласының тұрғыны Екатерина Зайцева жалғыз адамдық қарсылық акциясына шықты. Ол қалалық әкімдіктен Астана шетінде орналасқан Өндіріс кентінде 2013 жылы сүрілген екі бөлмелік жатақханасының орнына лайықты пәтер сұрайды.
Қазақстанда келер жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. AzattyqLIVE бұл мәселені дәрігер Мұхтар Төлеутаевпен талқылады.
Астаналық көлік жүргізушілері жол полициясының қызметіне және жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлеміне наразы. Полициясы өкілдерінің айтуынша, жол ережесін сақтау азаматтардың амандығына керек, ал жемқорлықтың болмауына жүргізушілердің өздері мүдделі болуы тиіс.
Тағы