Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астана соты Маңғыстаудағы OCC кәсіпорнының жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевты екі жарым жылға бас бостандығынан айырды
Қазақстан білім және ғылым министрлігі жекеменшік балабақшаларды лицензиялауды қайта енгізуді ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы өкілі "лицензиялау балабақшаға сұранысты арттыруы мүмкін" дейді
Қазақстанда сәуірдің басынан бері тасқын салдарынан 5 адам қаза болды, бірқатар облыстарда жүздеген адам көшірілді. Жылда қайталанатын апаттың алдын алуға бола ма? Азаттық бұл сауалды мәжіліс депутаттарына қойған еді.
Конституциялық реформалардан соң әділет министрлігі "мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері" деген ұғым қылмыстық кодекстің қандай баптарына енгізілетінін айқындап жатыр. Заң жобасында қылмыстық кодекстің 15 бабына өзгеріс енгізу ұсынылған
Әділет министрлігі әзірлеп жатқан заң өзгертулері жобасында "ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру" жайлы айтылған. Азаттық осы мәселеге байланысты парламент мәжілісінің кей депутаттарының пікірін сұрады
Астананың Алматы аудандық 2-сотында Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) кәсіпорнының жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевтың соты өтіп жатыр. Астана, 24 наурыз 2017 жыл.
Астанада тұратын зейнеткер Сансызбай Мұқановтың брейк билегеніне төрт жыл болған. Жаттығуға ол немерелерімен келеді.
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қоғамдық ұйымдардың бастамасымен әйелдер мен балалар құқығын қорғауға арналған шара өтті. «Әйелдер, балалар және құқық» деп аталатын көшпелі бюроның мақсаты – зардап шеккендерге заңдық, психологиялық және медициналық тұрғыда кеңес беру.
Қазақстан парламенті билік тармақтарын қайта бөлу туралы заң жобасын екінші оқылымда бірауыздан қолдады.
Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысына тұрғындардың пікірі
Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов түрмедегі кәсіподақ лидері Әмин Елеусіновтің "кінәсін мойындағаны" жайлы әлеуметтік желіде тараған видеоны көрмегенін айтады
Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституцияны өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциядағы жеке меншік құқығына қатысты 26-бапты өзгертпеуді ұсынды
Қазақстанда жұрт ұлттық пантеонда кімдер жерленеді деген сауалды да талқылайды. Үкімет пантеон құрылысына бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Қазақстанда былтыр 6 айдың ішінде тұтқындарды азаптау және оларға қатыгездік көрсету бойынша 350 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сотқа ол істердің төртеуі ғана жетіп, колониялардың 12 қызметкері сотталған.
Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын тыйым салынған тергеу әдістері және қамаудағы азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету туралы 700-дей арыз түседі. Соңғы бес жылда азаптау әдістерін қолданғаны үшін арнайы органдардың 140 қызметкері сотталған.
Азаттық мәжіліс депутаттарынан "Конституциядағы 26-бапты өзгерту керек пе?" деп сұрады. Жауап бергендердің арасында "Азаттықққа сұхбат бермеймін" деген депутат та бар.
Астанада ақпанның 15-16-сы күндері Сирия мәселесі бойынша екінші кездесу өтті. Ресей, Түркия, Иран ара ағайын болып жүрген келіссөздерге бұл жолы Иордания бақылаушы ретінде қатысты.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың антитеррорлық операция және төтенше жағдайлар кезінде полицияға бағынбаған адамға 11 миллион теңгеге дейін айыппұл салу ұсынысына көпшіліктің пікірі.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов антитеррорлық операция және төтенше жағдайлар кезінде полицияға бағынбаған адамға 11 миллион теңгеге дейін айыппұл салуды ұсынды.
Тағы