Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астанада экспозицияға қойылған Украина картасында Қырым түбегінің көрсетілмеуіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Министрлік "мәселені саясиландырмауға" шақырды.
"Заңсыз сотталған жақындарымызға әділ шешім шығаруға президент Нұрсұлтан Назарбаев қана көмектесе алады" деген мақсатпен шағымдарын айту үшін Ақорда маңына келген бір адамды полиция ұстап әкетті. Астана, 8 маусым 2017 жыл.
Голливуд жұлдызы, қытайлық актер Джеки Чан 7-18 маусым аралығында өтетін Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келді. Кеше оны әуежайдан қала басшылығы күтіп алған. Джеки Чан бүгін "Қазмедиа" орталығында жанкүйерлерімен кездесті. Астана, 7 маусым 2017 жыл.
Астанада Есіл өзенінің ЭКСПО көрмесі өтетін сол жағалауында жалға берілетін пәтерлер мен хостел бағасы өсе түскен.
Тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Сәдуақас сталиндік репрессия құрбандарын зерттеу жайы қазір қай деңгейде екені туралы айтты.
Маңғыстаудағы Oil Construction Company компаниясы жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы, екі жарым жылға сотталған Нұрбек Құшақбаевтың "кінәсін мойындайтыны" туралы процессуалдық келісімге келуге өтініш жазғаны оның апелляциялық сотында белгілі болды. Адвокаттары оны сотқа шақыртуды сұрады.
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Ақмол ауылына сталиндік репрессияға ұшыраған, атылған не Карлаг лагерьлеріне айдалған адамдардың ұрпақтары жиналды. Олардың арасында постсоветтік елдерден келген кісілер де бар.
Қазақстан мектептерін биыл бітіріп жатқан түлектер «Соңғы қоңырау» мерекесін атап өтті. Бұл мейрам советтік кезеңнен бері жалғасып келеді. Кейбір оқушылар бұл шараның тым ресми екенін айтып, «рок-н-ролл қойып, брейк-дэнс те биленсе» дейді.
Мәжіліс депутаттары зейнетақы қорының шетелдік проблемалық банктегі қаржысына байланысты үкімет пен ұлттық банкке сауал қойды.
Қорғамақ болып, бір қабырғасына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып қойған апалы-сіңілі Ұябаевалардың үйін жергілікті билік күреп тастады. Алайда үй құлатқандар президент бейнесі бар қабырғаға тиіспеді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ тұрғындар судың беті қайтып бара жатқанына сенбейді.
Астанада "Майский" саяжай массиві тұрғындары - апалы-сіңілілі Раушан және Несіпкүл Ұябаевалар баспаналарының сүрілуіне қарсылық танытып, үйлерінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастады. Ал қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Александр Строчков "сот шешім
Астанада өткен Сирия мәселесіне байланысты келіссөздің соңғы бөлімінде кепіл елдер қауіпсіз төрт аумақ құруға келісті. Ал Сирия оппозициясының бір өкілі Иранның қатысуына қарсы шықты.
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер үйдің бір қабатынан басталған өртті сөндіріп, ондағы адамдарды сыртқа шығарып алды. Құтқару шарасына тұрғындар да қатысты.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатқан қала тұрғындары бүгінгі мерекеден алған әсерлері туралы айтты.
Азаттық тілшісі былтырғы жерге қатысты шерулердің бір жылдығы қарсаңында парламент депутаттарынан "Содан бері жер дауы шешілді ме?" деп сұрады.
Қазақстанда ирандық режиссердің мұсылман пайғамбарының өмірі жайлы фильмі көрсетіле бастады.
Мәжіліс депутаттарының жылда қайталанатын су тасқынын азайту жөніндегі пікірлері. Астана. 17 сәуір, 2017 жыл.
Бүгін мәжілісте "Жер қатынастарын реттеуге қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерту енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болды
Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының жалақылары 30-50 пайызға өсіп, орташа есеппен 600-700 мың теңгеге жетті. Азаттық тілшілері кейбір депутаттардан бұл жаңалықты қалай қабылдағандарын сұрап көрді.
Тағы