Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанада велосипедпен жүретіндер көбейгенімен, оларға арналған жол жоқ.
Астаналықтар АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының Қазақстанға ықтимал әсері туралы пікірлерін айтты. 8 тамыз 2017 жыл
Азаттық тілшісі 2 тамыздан бастап теңгенің 2 пайызға жуық құнсызданғаны астаналықтарға қалай әсер ететінін сұрап көрді. 3 тамыз 2017 жыл.
Астана түбіндегі Семеновка ауылының көктемдегі тасқын судан үйлері қираған тұрғындары жеке қорлар мен асардың арқасында баспанаға қол жеткізді. Бала-шағасымен әлі көшеде түнеп жүргендері де бар. 2 тамыз 2017 жыл.
Астана қаласының маңында биыл жаз басталғалы бері өзендер, көлдер мен су тоғандарында 13 адам суға батып, қаза тапқан.
Қазақстан әуе күштері өкілдері ресейлік әскери ұшақтың "Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысып, мықтылығын дәлелдегенін" айтады.
Ақмола облысы Целиноград ауданы сотында 640 миллион теңгені талан-таражға салды деген бес адамның ісі айыпталушы Өмірбек Жампозовтың өзіне қол салып қаза табуына байланысты қайта тергелетіні айтылды.
Өмірбек Жампозовтың туыстары марқұмның сүйегін туған жері Таразға алып кетті. Ол өзіне үкім шығатын күні прокурор мен тергеушіні атып жаралап, өзі атылып өлген еді.
Астананың «Көктал» шағын ауданындағы «Полянка» өндірістік кооперативіне қарасты саяжай тұрғындары қалалық әкімдікпен соттасып жүр. Әкімдік оларды «өз бетінше жерді басып алды» деп сотқа берген. Ал саяжайлықтар «10 жылдан астам уақыт бұрын бұл жерді заңды түрде алдық» дейді.
«Аstana ЕХРО - 2017» көрмесінде Иордания павильонының ішкі жұмыстарын жасаған ондаған құрылысшы екі айдан бері жалақысын сұрап ала алмай жүр.
Алты балалы жалғызілікті ана Елена Потапова тұрақты тіркеуі жоқтықтан пәтер кезегіне де тұра алмай жүр.
Шілденің 1-інен бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы - 11 пайызға, базалық зейнетақы 13 пайызға көбейді. Азаттық тілшісі зейнетақының көбеюіне қатысты астаналықтар пікірін сұрастырып көрген еді.
Астанада 37 тұрғын бес жылдан бері пәтерлерінің құжаттарын ала алмай жүр. Олардың баспаналары мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің коммерциялық мақсаттағы алтыншы және оныншы қабатында орналасқан.
Азаттық тілшісі Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстанға көршілес Орталық Азия елдері - Түркіменстан мен Өзбекстан павильонын көруге барды.
"Шыңжаң қазақтарының қамалып жатқаны" туралы соңғы мәліметке қатысты Азаттық сұрағына құрылтай басшысы дөрекі жауап қайырды.
Қазақстан парламенті депутаттары Астана халықаралық әуежайына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді қолдайды.
Астана халықаралық әуежайына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешімге қала тұрғындарының пікірі.
Бала кездерінде Моңғолиядан АҚШ-қа кетіп, сол елден мектеп пен оқу бітірген, әрқайсысы төрт-бес тіл білетін Алтыннұр мен Айнұр Астанада тұрып жатыр. Өздерін "оралман" санайтын олар Астанада бастан кешкен "қызықтарын" айтты.
Парламент депутаты Геннадий Шиповских ауыл мәселесі, жастар арасындағы жұмыссыздық жайлы ойларымен бөлісті.
"Астана EXPO-2017" көрмесін тамашалауға келген адамдар көрме алаңындағы сусындар мен тамақтың бағасын қымбатсынады, ал тамақтандыру орнының өкілдері бағаның ыңғайлы екенін айтады.
Тағы