Израиль мен ХАМАС тобы Таяу Шығыста 11 күнге созылған қақтығысты тоқтатуға келісті. Келіссөзді Египет қадағалап, бас-көз болды.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған ипотекалық бағдарлама жабылатын болды; Қазақстан пандемияда көз жұмғандар статистикасын есептеуді неге өзгерте береді? Күйеуі Қытайда қамауда отырған әйелдің Қазақстандағы ахуалы.
Қазақстанда 19 мамырға дейін 1 898 604 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын алған. Ал 802 090 адам екі дозаны да салдырған. Елде екпе науқаны қалай жүріп жатыр? Вакцина салдырған адамға қандай жеңілдік қарастырылған? Қанша адам екпеден соң вирус жұқтырған?
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп сырттан төнетін қауіпке дайындық туралы айтты; Назарбаев басқаратын кеңесті Тоқаев таратып жібере ала ма? Саясаткер Жүкеевпен сұхбат.
Полиция Қытайдағы туыстарына араша сұрап, 100 күн наразылық білдірген адамдарды ұстады. Курьер компания бір аптаға жуық қарсылықтан соң жұмысшылардың талабын уақытша орындауға келісті. Лукашенко митингіге шыққандарды атуға рұқсат беретін заңға қол қойды.
Қазақтар – Ресейде Еділдің төменгі жағын мекендейтін ең ірі этникалық азшылық. 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында тұратын 150 мыңға жуық адам ұлтын қазақ деп көрсеткен. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Тодар Бактемирдің қазақ тілі туралы мақаласын ұсынамыз.
Көзіне бытыра тиіп соқыр болған ілбіс, қорқау қасқырмен арпалыста табанынан айырылған түлкі, сирағы ағашқа байланған қыран – осындай көптеген жаралы аң-құсты мал дәрігері Салтанат Сейітова емдеп, паналатып отыр.
Қазақстанда "сатира жаңалық" жазатын парақша авторын полиция ұстап әкетіп, тергеді; Нұр-Сұлтанда бір топ борышкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, наразылық білдірді; Израиль мен Газа секторы арасындағы атыс тоқтамады. Екі жүзге жуық бейбіт тұрғын көз жұмды.
17 мамыр – гомофобия, трансфобия және бифобиямен халықаралық күрес күні. Азаттық қазақстандық ЛГБТ-қауымдастық өкілдерінің өз болмысын қабылдауы, ішкі сырын өзгемен бөлісуі және қазіргі өмірі туралы хикаяларын ұсынады.
Израиль премьер-министрі Бенжамин Нетаньяху палестиналық топтарға қарсы операция "қажет болса жалғаса беретінін" айтты. АҚШ пен БҰҰ Израильді шабуылды тоқтатуға шақырды.
"Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек пен оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың соты басталды; 15 мамырға белгіленген митинг алдында белсенділерді полицияға шақырып жатыр; Тоқаев тапсырмасынан соң Шымкентте мал дәрігерлеріне жұмыссыз қалу қаупі төнген.
13 мамырда ресейлік ютубер Юрий Дудьтің YouTube арнасында қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының сұхбаты шықты. ИК мүшелері Дудьпен сұхбатта саясат, тарих, қоғам төңірегіндегі мәселелерді қозғады. "Ирина Кайратовна" жігіттері Дудьпен сұхбатта айтқан бірнеше цитатаны ұсынамыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда дау тудырған заңға қол қойды. Заң бойынша жер шетелдікке сатылмайды, жалға да берілмейді; || Президент бастамасымен дайындалған заң елдегі жер дауын реттей ала ма?; || Ораза айт мерекесін тойлап жатқан мұсылмандар Израиль мен Палестина жанжалының тыншуын тіледі.
Грузияда көз жұмған қыздың денесі Қазақстанға жеткізілді. Туыстары "суицид" дегенге сенбейді. || Назарбаев Түркістанға барған кезде кейбір турист қонақ үйден шыға алмаған. || Қытай консулдығы алдында наразылық білдірген азаматтарды полиция кеше ұстап әкеткен. Сот бүгін оларды жауапқа тартты.
Тағы