Татарстан астанасы Қазан қаласында біреу мектепте оқушыларды атып, кемі тоғыз адам қаза тапты; Шығыс Қазақстанда орман өртеді деген бір күдікті ұсталды. Өрттен бір адам қаза тапты, екі тұрғынды күйік шалды.
10 мамыр түнде Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады, ал палестиналықтар Иерусалимге қарата ракета атқылады. Кейінгі бір аптада Иерусалимде жағдай ушығып тұр.
Бір жыл бұрын Ташкент көшелерінде түрлі суреттер пайда бола бастады. Сол кезде әлеуметтік желіде жұрт бұл суреттерді "өзбекстандық Бэнкси" салған деп айта бастады.
Қазақстанда халыққа Қытай вакцинасы салынып жатыр. Бірақ емханаға келгендердің көбі оны таңдамайды; Алматыда Қытай консулдығы маңында үш айдан бері наразылық білдіріп жүрген тұрғындар бүгін Қытай банкі алдына барды; Біртановтың жазығы не? Сот экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімін тағы ұзартты.
Алматыда 3 мамырда бір адам ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын ектірген соң көп ұзамай көз жұмды. Қазаға екпенің қатысы бар-жоғы анықталып жатыр; Парламент ауылшаруашылық жерін шетелдікке сатпайтын, жалға да бермейтін заң жобасын қабылдап, президентке жолдады.
5 мамырдан Қазақстанда Ashyq қосымшасы қолданыла бастайды. Көпшілік қоғамдық орындар қосылған жоба жайлы пікір әрқилы. Кәсіпкерлердің бірі оны карантинде жұмыс істеуге мүмкіндік берді десе, енді бірі соның кесірінен тұтынушыдан айырылып жатқанын айтады. "Ashyq құқығымды шектейді" деушілер де бар.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс басылып, екі жақ шығынды есептеп жатыр; Алматы іргесіндегі ауылда кәсіпкер жүздеген гектар жерді айналдыра ор қазып тастаған. Тұрғындар орға түсіп өлген малдың есебі де, өтеуі де жоқ дейді;
Үндістанда 2 мамырда 368 мың адамнан коронавирус табылып, 3417 адам көз жұмды. Елдегі індет ахуалы ұшығып, крематорийлер мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр.
3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. Бұл – баспасөз еркіндігінің негізгі ұстанымдарын дәріптеп, оны құрметтеу қажетін биліктің есіне салатын және кәсіби міндетін атқарып жүріп қаза тапқан журналистерді еске алатын күн.
Тағы