Талдықорғанда наразылар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны туралы ақпарат тарады. Желіге жарияланған видеода Қазақстан әнұранын айтқан адамдар ескерткішті арқанмен тартып жатыр. Кейін 2016 жылы тұрғызылған ескерткіштің қақ бөлініп жатқан суреті жарияланды.
Қазақстанда билікке ел наразылығы күшейген тұста Ақорда 19 қаңтарға дейін Маңғыстау облысы, Жаңаөзен және Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады. Алматыда полиция наразыларға қарсы шулы граната мен көзден жас ағызатын газ қолданғаны хабарланды.
Жаңаөзендегі әлеуметтік наразылыққа қолдау білдірген Ақтөбе жұрты орталық алаңнан 5 қаңтарға қараған түні де кеткен жоқ. Олар алаңға пеш әкеліп, от жағып, киіз үй тігіп, саяси ұрандар көтеріп жатыр.
5 қаңтарға қараған түні Алматының көшесінде мыңдаған адам шеруге шықты. Куәгерлер сөзінше, жұрт қала орталығына қарай бет алған. Полиция кедергі келтірмеген.
Алматының Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы "Алатау" театры алдына жиналған жұрт Райымбек батыр даңғылына қарай беттеді. Куәгерлер сөзінше, жиналғандар бірнеше мыңға жетеді. Қала тұрғындары Маңғыстау облысындағы наразылыққа қосылатынын айтады.
Әлеуметтік желіде Жаңаөзен қаласында 2 қаңтарда басталған наразылықты мұнайшылардың қолдап жатқаны туралы видео көп тарады. Онда Маңғыстау облысы Қаламқас кен орнының, Атырау облысы Теңіз кен орнының, Атырау қаласы жұмысшылары мен жай тұрғындары тобымен шерулетіп бара жатқаны байқалады.
Жаңаөзенде 2 қаңтарда басталған наразылық бүгін Қазақстанның басқа аймақтарында да жалғасты. Нұр-Сұлтанда полиция пікір айтып шыққан бірнеше адамды ұстап әкетсе, Алматыда белсенділерді жолдан ұстаған.
#AzattyqInvestigation Құрметті оқырман! 2021 жылы Азаттықта жариялаған ең үздік журналистік зерттеулердің топтамасын ұсынамыз. Азаттықтан ақпарат алып, бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс!
2021 жыл Қазақстанда қымбатшылық қатты байқалды. Азық-түлік, жанар-жағармай, құрылыс заттарының бағасы жыл басынан бері үздіксіз өсті. Автокөлік те, баспана да қымбаттады. AzatNEWS осы қымбатшылық тақырыбын саралады.
Биыл халықты қымбатшылық ерекше қысты. Баға өсімі кейінгі жылдардың рекорд шамасына жетіп, күнкөріс қиындады. Азық-түлік те, пәтер де, жанармай да қымбаттай түсті. Ресми статистиканы шолып шықтық.
24 желтоқсан түсте ұсталған "Демпартия" белсенділеріне кешкісін сот шешімі шығып, бірнеше белсенді "Бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деген айыппен жазалады.
"Бастаңғыда" соңғы уақытта трендке айналып кеткен криптовалюта, майнинг, блокчейн деген ұғымдардың түбіне үңіліп көреміз. Қонақтарымыз - программист Данияр Мұқанов пен қаржыгер Индира Малһарқызы.
Алматыда оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың жақтастарын полиция ұстап әкетті; Дос па, дұшпан ба? Путиннің Қазақстанды "орысша сөйлейтін ел" деген сөзін жұрт талқыға салды. Билік үнсіз; Беларусь билігі Азаттық радиосының журналистерін қамап, қылмыстық іс қозғап жатыр.
Әзірге белгілісі – Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы инспекторы Серік Мәженов қаумал аумағында оқ тиіп, мерт болған. Қаза жайлы хабар тараған сәттен бастап инспектордың өліміне қатысты әртүрлі мәлімет жарияланды. Содан бері 10 күн өтсе де, көп сауалға жауап жоқ.
Шымкентте ҰҚК абақтысында отырған белсендінің "суицид жасамақ болғаны" хабарланды. Комитет жоққа шығарады; Түркия ақпарат агенттігінде істейтін қазақ журналистер Ресейде бір аптадан бері қамауда отыр;
Газа Секторындағы қақтығыс, "Талибанның" Ауғанстанда билік орнатуы, пандемия, билікке наразылық. 2021 жылы әлемде болған оқиғаларды фотогалереямен баяндайық.
Ресейдің мемлекеттік телеарналары шекарада ондаған мың әскер жинаған Мәскеу Украинаға соғыс ашуы мүмкін деген қауіпті күшейтті. Сарапшылар шенеуніктер ұрандатып жатқанымен, халықтың көбі соғыс болғанын қаламайды дейді.
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты деректі фильм көрсетілді. Тарихшы "қарсылықты ұйымдастырған Н.Назарбаев" дейді; Google мен Facebook төлеуге тиіс салық "тұтынушылардың мойнына іліне ме?" Құқық қорғаушылар Ресей түрмесіндегі азаптау туралы жаңа видео жариялады.
Тағы