Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты деректі фильм көрсетілді. Тарихшы "қарсылықты ұйымдастырған Н.Назарбаев" дейді; Google мен Facebook төлеуге тиіс салық "тұтынушылардың мойнына іліне ме?" Құқық қорғаушылар Ресей түрмесіндегі азаптау туралы жаңа видео жариялады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ұсталып, қамалған белсенділер абақтыдан шыға бастады; АҚШ-та тұрып жатқан белсенді Серікжан Біләшқа Қазақстан соты іздеу жарияламайтын болды; АҚШ сенаторлары "Ресей соғысуға сылтау іздеп отыр" дейді.
18 желтоқсан – Мигранттардың халықаралық күні. Кейінгі жылдары Еуропадан, соның ішінде Чехия мен Швециядан босқын мәртебесін сұрайтын қазақстандықтардың саны артқан.
15 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда билік өкілдері жиналып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына салтанатты шара өткізді. Жиында елдің қазіргі президенті Тоқаев экс-президенті Назарбаевты мақтаумен болды.
Алматыда тәуелсіздік күні алаңға барып, билікті сынаған кейбір белсенділерді ұстап әкетті. Тәуелсіздік мерекесімен бірге тұрғындар Желтоқсан ызғарын, Жаңаөзен қырғынын да еске алды. Тәуелсіздіктің тойына арналған концертке қарапайым халық шақырылмады.
17 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылды ма? Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға қатысты қылмыстық іс қозғалды; Түрмеде отырған Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйға Сахаров сыйлығы берілді.
Жаңаөзен шындығы ашылды ма? Белсенділердің күдігіне премьер-министрдің орынбасары жауап берді; Үш бірдей орынбасары істі боп жатқан Атырау облысының әкімі "арыз жазуға дайын" екенін айтты.
14 желтоқсанда Беларусьтің Гомель қаласындағы тергеу изоляторында "Тихоновский ісі" бойынша айыпталған алты адамға сот үкімі шықты.
Жаңаөзен оқиғасына 10 жыл. Бейбіт наразылықты қантөгіске арандатқан кім? Билік бір қолымен марапат таратып, бір қолымен белсенділерді қамап жатыр; Назарбаевты мақтап танылған Бақытгүл Хаменова жемқорлық күдігіне ілінді.
Қазақстанда азаматтық белсенділерді соттау қайта көбейді. Соңғы бірнеше күнде он шақты адам 15 тәулікке қамалған; Жеке басқа табынудың көрінісі емес пе? Депутат президент Тоқаевтың тапсырмасын пайғамбар шешіміне ұқсатты.
Қазақстанда тұрып жатқан гей жігіт пен лесби қыз туған елінде адам құқығы қорғалып, ешкімнің хақы бұзылмағанын қалайды. Екеуі Азаттыққа атаулы күн қарсаңында сұхбат беріп, басынан өткен жайтты, елдегі ЛГБТ өкілдерінің ахуалын айтып берді.
Еуропарламент шағын комитеті өткізген тыңдауда еуропалық саясаткерлер мен құқық қорғаушылар Қазақстан үкіметінің адам құқығының жай-күйін жақсарту уәдесі сөз күйінде қалып қойғанын сынады. Ресми Нұр-Сұлтанға айтылған сынға Қазақстан омбудсменінің жауап беруіне тура келді.
Еуропарламент депутаттары Ақорданы адам құқығы мәселесіне байланысты тағы сөкті. Қазақстан соты белсенді Серікжан Біләшқа іздеу жариялауы мүмкін. Депутат Бекболат Тілеухан диссидент Арон Атабекке көмектескеніне өкінетінін айтты.
Биыл "Беловеж келісіміне" 30 жыл толды. Ресей, Украина мен Беларусь басшылары 1991 жылғы 8 желтоқсанда келісімге қол қойған соң СССР түбегейлі ыдырады. Сол күні Беларустің Беловеж орманына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та шақырылған, бірақ барған жоқ.
Оралдағы "Тоғайлы белес" – қаладағы табиғи қалпында сақталған 700 гектар орманымен ерекшеленетін орындардың бірі. Бір жылдан бері бұл жер дауға себеп болды. Қала әкімдігі тоғайды кесіп, жол салмақшы, ал жергілікті халық табиғатқа қол тигізбей, қазіргі қалпында сақтау керек деп есептейді.
Бұл жолы "Бастаңғыда" суицид тақырыбын қозғадық. Қонақтарымыз психолог Назыгүл Әбілахатқызы мен құқық қорғаушы Мөлдір Албанмен бірге суицидтің негізгі себептеріне үңіліп көрдік. Өзіне қол жұмсайтындар неге көп, жасөспірімдер неліктен суицидке барады, отбасыдағы тәрбие арқылы суицид проблемасын шешуге бола ма деген сұрақтарға да жауап іздедік.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 жыл бұрын болған Жаңаөзен оқиғасына шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті айыптады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы мен ажырасып кеткен әйелінің Мәскеуде екі пәтері бар екені хабарланды.
Тағы