Ауғанстан сәуір айында өтетін президент сайлауына дайындалып жатыр. Осыған орай тұрғындар арасында музыкалық байқау жарияланды.
Жаңа зерттеу Ресейдің оңтүстігі мен Батыс Моңғолиядағы Алтай-Саян тауларын мекендейтін сүтқоректілердің он мыңдаған жылдан бері өзгеріске ұшырамағанын көрсетті.
Орталық Азия халықтары дәстүр бойынша ерекше құрметтейтін адамын үйіне қонаққа шақырады. Орталық Еуропа салттары да осыған ұқсас. Бірақ Чехия президенті әлемдегі ең репрессияшыл басшының бірін неге қонақ қылмақ?
Азаттық 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Fox News телеарнасына сұхбатында Сочи олимпиадасындағы қауіпсіздікке қатысты үрейді сейілтуге тырысқан актер Стивен Сигал Ресей президенті Владимир Путин мен ФСБ-нің мақтауын асырды.
Еуропалық одаққа қосылуға мүдделі Молдованың автономиялық аймағы Гагаузия Ресейдің ықпалы жүретін Кеден одағына ену туралы сауалды референдумға шығарғалы отыр.
Ресейдегі кабельді телеарна операторларының біразы Ленинград қоршауы туралы сауалнамасынан соң «Дождь» телеарнасын көрсетпей қойды. Бірақ жақтастары «Кремль осыны сылтауратып, оппозициялық арнадан құтылуды көздейді» дейді.
Дамушы елдердің көпшілігінде ұлттық валюта арзандап, қаржы нарығында өзгерістер болып жатыр. Бұл аласапыран нені білдіреді?
Советтік саяси репрессия құрбандарын еске алатын және солар туралы құжаттарды іздестіретін топ ретінде құрылған «Мемориал» - ресейлік танымал құқық қорғау ұйымдарының бірі.
Ташкенттегі жылу жүйесі жыл өткен сайын бүлініп, қирап жатыр. Мектеп бөлмелерін жылы ұстау үшін білім саласына жауапты шенеуніктер ерсі шараларға барады.
Келесі айда Ресейде басталатын қысқы олимпиадаға барасыз ба деген ресми сайт сауалнамасының нәтижесі бойынша "Басқа" деген жауап алда тұр.
«Темір шымылдық» түрілгеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, бұрынғы Батыс Германия мен Чехословакия тауларында жайылған бұғылар шекараны аттап өтпейді.
Олимпиада медалі қанша тартады, оны әзірлеуге қанша уақыт кетеді? Олимпиада кезінде қауіпсіздікті неше адам қадағалайды? Бұл олимпиадаға кеткен ақшаға қанша зәулім үй тұрғызуға болар еді? Азаттық осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Украинадағы «Еуромайдан» шерушілері жаңа қолдаушыларға ие болды. Олар – футбол жанкүйерлерінен құрылған, өздерін «ультрас» деп атайтын топ өкілдері.
Соңғы жылдары мыңдаған жұмысшы ақша табудан үміттеніп олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатқан Сочиге ағылды. Бірақ бір күндік жалған фирмалар спорттық нысандар құрылысын пайдаланып, жұмысшыларды қанап жатыр
Бірер жыл бұрын президент Эмомали Рахмонов «ов»-ты алып тастап, Рахмон болып шыға келгенде, бұлай ету Тәжікстанда үрдіске айналған еді. Тіркеу органдары «орысша» фамилияның қайта көбейгенін айтады.
Украина президенті оппозиция жетекшілеріне үкімет басқаруды ұсыну арқылы өз жақтастарын азайта тұра, қарсыластарын жақындата алмағанға ұқсайды.
Ең қымбат олимпиада атанған Сочидегі қысқы ойындардың экологиялық зардабын ешқандай ақшамен қалпына келтіру мүмкін емес дейді белсенділер.
Тағы