Көшеде наразылық күшейіп, жағдай ушығып бара жатқанда Киев гривнаны құнсыздандыру туралы тәуекелге толы шешімге барды.
Нұрлан Нығматулин өзін президент «мұрагері болуға лайық» деп атаған мақаланы арандатуға теңеді. Сарапшылар саясаткерлердің "фальстарттан қорқатынын" айтады.
Ауғанстан әйелдерінің отбасында зорлық-зомбылық көретіні туралы жиі айтылады. Енді жапа шегуші ерлер де пайда болды.
Осы апта орыс композиторы Дмитрий Шостаковичтің «Мценск уезіндегі Леди Макбет» операсының премьерасына 80 жыл толды. Сталинді ашуландырған шығарма сазгер өмірін өзгертіп жіберді.
Осыған дейін бейбіт түрде жүріп жатқан «Еуромайдан» акциясы өткен апта қайта ушығып, қан төгілді. Наразылық шарасына қатысып жүрген азаматтың сүйегі қаңтардың 22-сі күні Киев маңындағы орманнан табылды.
Ондаған серб жұмысшысы Сербия мен Боснияның этникалық сербтер тұратын аймағына оралды. Олар Ресейдің олимпиада өтетін қаласы Сочи қаласына құрылыс жұмыстарын істеуге барып, жәбір көріп қайтты.
Қырғызстанның Қытаймен шекарасында өткен түні қырғыз шекарашылары мен белгісіз қарулы топ арасында атыс болды.
Олимпиадаға дайындық кейбір Сочи тұрғындарының өмірін астаң-кестең етті. Бірінің үйі құласа, енді бірі қаланы шаң-қоқыс басқанына наразы. Олимпиаданың жақсы жақтарымен қоса, жағымсыз тұстары да көп.
Киевте полиция мен Еуроинтеграция жақтаушылары қақтығысы жалғасып жатыр. Жастардың «Правый сектор» тобы «Билікпен соңына дейін күресеміз» дейді. Азаттық «Олар кім?» деген сауалға жауап іздеді.
Қостанайдың құқық қорғау органдары өзін полиция азаптады деп арызданған құрылысшыға компенсация төлеу туралы шыққан сот шешімін апелляцияға берді.
Ресей полициясы қысқы олимпиада өтетін Сочиде теракт жасауды жоспарлаған әйелге іздеу жариялады. Сарапшылар Солтүстік Кавказдағы бұл қалада «террорлық шабуыл қаупі жоғары» дейді.
Украина премьері Азаров кеше шерушілерге күш қолданылатынын ескерткен еді. Бүгінгі мәлімет бойынша, полиция шеру баррикадаларын бұзуға кіріскен. Екі шеруші қаза тапқаны жайлы ақпарат тарады.
Тегеранға салынған экономикалық санкциялар босаңсыды. Батыс кәсіпкерлері 80 миллион халқы бар, шикізатқа бай Иранда бизнес ашуды ойлай бастады.
АҚШ-пен екіжақты қауіпсіздік келісімін жасауға құлықсыз Ауғанстан президенті Хамид Карзайға ел ішінен де, сырттан да сын борады.
Хорватияның білім және технология мамандары аутизмге шалдыққан балаларға арналған инновациялық жобаны қолға алды. Диагноз қою үшін олар робот қолданбақ.
Украинада көше шерулерін ауыздықтауға бағытталған заңға президент Виктор Януковичтің қол қоюы елде билікке наразылықты бұрынғыдан да күшейтіп жіберді.
АҚШ әскерінің Ауғанстанда қалуын көздейтін жаңа келісімді бекітуге Вашингтонның берген мерзімі өтіп кетті. Әйтсе де, Кабул ымыраға келер деген үмітпен АҚШ аса сақ тактикаға көшті.
АҚШ конгресі мүшесі адам құқықтарын бұзуға қатысы бар ресейлік шенеуніктер енгізілген «Магнитский тізімін» неге жаңартпағандарын сұрап, Ақ үйден түсініктеме талап етіп отыр.
Жиын өткізуге қатысты жаңа заң жаңа наразылық толқынын тудырды. Оппозиция жетекшілері үкіметті өзгерту туралы ғана емес, қайта президенттік сайлау өткізу туралы талап қоя бастады.
2009 жылы Мәскеуде құқық қорғаушы Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурова әсіреұлтшылдар қолынан қаза тапты. Белсенділер бүгін марқұмдарды еске алмақ.
Тағы