Соңғы девальвациядан кейін 1 доллардың құны 185 теңге деп белгіленді. 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы шамамен 38 есе құнсызданды.
Теңгенің девальвациясы қарапайым тұтынушыларды қапы қалдырып, әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразы реакциясын тудырды.
Ұлттық банк бүгіннен бастап теңге курсын бұрынғы бағамда ұстап тұрудан бас тартып, теңгенің долларға шаққандағы бағамын 185 теңге шамасында белгіледі.
Ислам революциясынан бері 35 жылдай уақыт өтті. Иран режиссерлерге қысым жасайтын мемлекетке айналды. Иран киносы сыншылар көңілінен шығатындай дәрежеге қалай жетті? Азаттық тілшісі осы сауалға жауап іздеді.
Босния мен Герцеговина 1984 жылы Сараеводағы олимпиададан соң 30 жылдан кейін бес спортшысын Сочиге жіберді. Тәуелсіздік алғанына 25 жыл өтсе де, екі ел бір ту астында өмір сүруге көндіге алмай отыр.
Өзбек қоғамында ВИЧ/СПИД жұқтырған жандарға деген жайсыз қарым-қатынасты жақсы білетін әйел кішкентай қызының вирус жұқтырғанын құпия ұстап келеді.
Тарихшы Наима Нефляшева 19-ғасырда Кавказдың Қара теңіз жағалауын Ресейдің отарлауына черкестердің қатты қарсыласқанын айтады.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландтың телефон әңгімесі жарияланып кетті. Онда ол Украинадағы АҚШ елшісімен осы елдің болашағын "жоспарлайды".
Иран үкіметі қолға алған тұрмысы нашар отбасыларға екі апта бойы тегін азық-түлік тарату науқаны елдің ойынан шықпай, наразылыққа ұшырады.
Кей спортшылар Сочи олимпиадасының ашылу салтанаты кезінде Ресейдің «гомосексуализмді насихаттауға тыйым салу» туралы заңына қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді. Ал кейбір атлеттер «олимпиада саяси көзқарас білдіретін жер емес» дейді.
Молдова Еуропа Одағымен серіктестік келісіміне биыл қол қоюды жоспарлап отыр. Бірақ олар мақсатына жақындаған сайын Ресей де осы бір шағын мемлекетке қысымын күшейтіп барады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпанның 6-сы күні Атырау облысына сапарында мемлекеттің ресми атауын "Қазақ елі" деп өзгерту керек шығар" деп ұсынды.
Кремльдің телевизиялық монополиясына кедергі келтірген тәуелсіз теле, әрі интернет арна «Дождь ТВ» эфирден кетпеуге тырысып жатыр.
Бірде сөніп қалды, енді бірде ұстаған кісінің өзі өртеніп кете жаздады. Олимпиада алауының ғарыштан Сочиге дейінгі сапары түрлі машақатқа да, қызық хикаяға да толы. Тіпті қайғылы оқиға да болды.
Косово Еуропа Одағы нормаларына сай «дыбыс мөлшері» туралы заң қабылдамақ. Бірақ бұл елдегі мұсылмандар қауымы «бұл - жамағатты намазға шақыруға кедергі болады» деп алаңдайды.
Бірер күн бұрын жоғалып кеткен «Еуромайдан» белсендісін құлағын кесіп, тырнағын жұлып азаптаған. Бұл оқиға Украинада «Ресейден келген жендеттер» туралы қаңқу әңгімені өршітіп жіберді.
Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің блогерлермен кездесуіне барған бірнеше белсендіні шараға кіргізбеді. Бұған наразылық білдірген оларды полиция тұтқындады.
Сочи олимпиадасында жеңіске жеткен спортшы атақ-даңққа бөленіп қана қоймайды. Кейбір елдер алтын алған спортшысына жарты миллион долларға дейін ақшалай сыйлық атап отыр.
Киев пен Украинаның басқа да аймақтарындағы шерушілермен күресуден полиция титықтай бастаған сияқты. Президент Виктор Янукович оларға бұдан ары сенім арта ала ма?
Тәжікстан Совет Одағы кезіндегі гомосексуализмді қылмыс деп танитын қатаң заңның күшін жойған. Бірақ тәжік қоғамы әлі гейлерді жақтырмайды. Мұндай жандар оқшау ғұмыр кешуге мәжбүр.
Тағы