Қазақстандық валютаның құнсызданғаны басқа елдерге де әсер етіп жатыр. Отбасын асырау үшін Қазақстанға келген еңбек мигранттары да девальвациядан жапа шекті.
Дүйсенбі Украинада жүздеген шерушіге рақымшылық жарияланып, дағдарыс шешілетіндей көрінген. Бірақ ертеңінде полиция мен шерушілер қақтығысып, 25 адам өлді.
Ауған полициясының бір топ офицері медбикені ұрлап, зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Полицияның сорақы әрекеттері туралы арыздар бұл елде бұған дейін де көп түсетін.
Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен кездесіп, есеп беретін күні полиция бұған дейін оған қарсы акция өткізген блогерлерді тағы ұстап әкетті.
Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы үш банк банкротке ұшырау алдында тұр» деген сыбыс тарасымен мазасы кеткен салымшылар банктерге жүгірді. Бұл оқиға әлеуметтік желілердің жұртқа ықпалын байқатты.
Киев Майданында шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар кезінде 18 адам қаза болды. Елдің батысында үкіметке наразылар билік кеңселеріне шабуылдағаны туралы хабарланды.
Ақпанның 18-інде Киевте мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап етіп, парламентке беттеген шерушілер арнайы жасаққа жолықты.
Иран президенті Роухани соңғы жылдары сахнадан көрінбей кеткен, бірақ бұрындары Иранның мақтанышы болған оркестрді қайта жандандыруға уәде берді. Бірақ оған күмәнданатындар да бар.
Ресейдегі жыныстық азшылық проблемаларын айтатын «PUT[IN]LOVE» фильмі түсірілді. Авторлар оны «кинематографиялық жолдау» деп атайды.
Ғылымның дамуы арқасында бионикалық қол фантастикадан өмір шындығына айналды. Қолдан айрылған жандар жаңа протездің көмегімен затты ұстап, сезіну қабілетіне қайта ие болды.
Қазақстанның ең ірі қаласында девальвацияға қарсы рұқсат етілмеген жиынға жүздей адам ғана шықты. Бірақ бұл жиындар «саясаттан алыс» саналып келген жастар арасында наразылығын ашық танытуға әзір белсенді жандар пайда болғанын көрсетті дейді сарапшылар.
1995 жылғы Дейтон келісімінен соң Босния мен Герцеговинада бейбітшілік орнаған еді. Бірақ келісім негізінде құрылған ерекше жүйеде пайда болған бюрократия қазір елдегі тәртіпсіздіктерге себепкер ретінде сынға ілінді.
Совет әскері Ауғанстаннан шығып кеткелі 25 жыл өтсе де соғыстан қашып, Пәкістан жерін паналаған ауғандар босқындар лагерінде әлі күнге тұрып жатыр.
Ақпанның 15-і күні Алматыда Республика сарайының маңына жүзден аса наразы азаматтар жиналды. Теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдірген ондаған азаматты полиция ұстады.
Орнитологтар Ауғанстаннан Черногорияға дейінгі аралықта құс санағын бастады. Great Backyard Bird Count жобасы қарапайым адамдардың құстар популяциясын анықтауға үлес қосуына мүмкіндік береді.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Чехияға ресми сапары кейінге шегерілді. Оның Еуропаға келуіне халықаралық құқық қорғау ұйымдары қарсы болған еді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасын талап еткен петиция жарияланған сайт бұғауланды. Петицияға бір тәулік ішінде 2 мыңнан астам адам қол қойған.
Қырғыз мүфтиінің жыныстық азшылық өкілдеріне байланысты шығарған пәтуасына құқық қорғаушылар қарсылық білдірді.
Чех президенті Милош Земан өзбек президенті Ислам Каримовты осы айдың соңында қабылдамақ. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Земаннан кездесуден бас тартуды сұрайды.
Теңгенің құнсыздануына наразылық білдірген ондаған адам Алматыда Ұлттық банк төрағасының қызметтен кетуін талап етіп, банк ғимараты алдына жиналды.
Тағы