Интернетке Түркия премьерінің телефон әңгімесі шықты. Онда Ердоғандікіне ұқсайтын дауыс «үйдегі ақшаны тергеушілерден жасыру» туралы тапсырма береді. Елдегі саяси дағдарыс ушыға түсті.
Януковичтің күзетшілері украиналық шенеуніктерге қандай лақап ат қойғаны мәлім болды. Қызық деректі «Оңшыл сектор» тобының өкілдері жариялады.
Украинаның Қырым автономиялық республикасында белгісіз қарулы топтың аймақ парламенті мен министрлер үйін басып алғаны хабарланды. Ғимараттар төбесіне Ресей туы ілінгені мәлім болды.
Украинаның шығысындағы Харьков тұрғындары «орыстілділер құқығына қауіп төнеді» деп алаңдайды. Бір заманда советтік Украинаның астанасы болған қалада Мәскеуге бүйрегі бұратындар көп.
Украинада бұрынғы оппозиция өкілдерінен құралған жаңа үкімет құрамы жарияланды. АҚШ Ресейге Украинаның ішкі ісіне араласпауды ескертті.
Украинаның экс-президенті резиденциясындағы құжаттарды тоғанға батырып құртпақ болған әрекеттен ештеңе өнбеді. Қазір олардың көшірмелері арнайы сайтта тұр.
Киев түшкірсе, Мәскеуге тұмау тие ме? Янукович режимінің құлауы Ресей оппозициясын желпіндіріп тастаса, Кремльдің зәресін ұшырғаны анық.
Биліктен кеткен президент Януковичтің сарайын айналып, салтанат шеруін өткізген азаматтар «Украина Ресей ықпалынан құтылады» дегенге сенеді. Азаттық тілшісі Украинадағы оқиғаның геосаяси салдарына шолу жасады.
Украинада тек саяси дағдарыс қана орнаған жоқ. Экономикалық қолдауға да зәру бұл ел Батыс көмектесер деп үміттенеді.
25 ақпан күні Алматыда "Азаттық" сыйлығы тапсырылды. Адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғауға үлес қосқан азаматтарға арналған сыйлық бес адамға берілді.
Виктор Янукович биліктен кетті. Енді Украинаның жаңа президенті кім болуы мүмкін? Азаттық тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.
Лауазымды тұлғалар мен БАҚ Украинадағы толқуды сипаттау үшін «төңкеріс», «террористер бүлігі», «фашистер көтерілісі», «азаматтық соғыс» деген сияқты әсірелеуге толы атауларды да қолданады.
Жексенбіде Киевте сәл тыныштық орнады. Сенбіде парламент президент Виктор Януковичті биліктен шеттетіп, оның басты қарсыласы Юлия Тимошенконы түрмеден босату жайлы шешім қабылдаған еді.
Үкіметке қарсы шеруге қатысушылар мен журналистер Киев түбіндегі президент резиденциясын аралап көрді. Виктор Януковичтің қайда екендігі белгісіз.
Украинада оппозиция мен президент Янукович бейбіт келісім жасасты. Бірақ Майдандағы наразылар оған келіспей, Януковичтің отставкаға кетуін талап еткен. Олай болмаған жағдайда шерушілер президент резиденциясын қоршайтындарын айтқан.
Үкімет қақтығыстарға армияның араласуын талап ете бастады. Әскерилер позициясы әзірге белгісіз. Азаттық тілшісі осы төңіректегі бірнеше сұраққа жауап іздеп көрді.
Киевте қақтығыстардан қаза тапқандар саны 75 адамға жетті. Елдегі саяси дағдарысты реттеу жөніндегі билік пен оппозиция арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті.
Украинадағы дағдарыс шиеленіскен тұста елдің екіге бөлінуі туралы болжамдар қайта айтыла бастады. Сарапшы «мәселенің солай шешілгені дұрыс шығар» дейді.
Қазақстандық валютаның құнсызданғаны басқа елдерге де әсер етіп жатыр. Отбасын асырау үшін Қазақстанға келген еңбек мигранттары да девальвациядан жапа шекті.
Дүйсенбі Украинада жүздеген шерушіге рақымшылық жарияланып, дағдарыс шешілетіндей көрінген. Бірақ ертеңінде полиция мен шерушілер қақтығысып, 25 адам өлді.
Тағы