Ресейдің Қырымды қосып алуы Батыс пен Шығыс арасында қырғиқабақ соғыс кезінен бері болмаған кикілжің тудырып қана қойған жоқ. Өзгеріс карта шығаратын мекемелер мен баспаларды да екіге жарды.
Вологданы Қырым құсап әскер жіберіп, «кедейліктен және оккупант әкім-қарадан құтқаруды» өтініп әзіл хат жазған журналист бәлеге қалды.
Украинадағы «Еуромайдан» белсенділері мен туыстары шеру кезінде жоғалып кеткен екі жүздей адамды іздестіріп жатыр. Шын мәнісінде қанша адамның қаза тапқаны әлі беймәлім.
Украина мен Ресей арасындағы ақпараттық соғыс қызу жүріп жатыр. Шынайы жағдайды ресейлік және украиналық БАҚ-ты, саясаткерлер мен белсенділер айтқан сөзді сараптай келе білуге болады.
Ресейдің Қырым түбегін жылдам әрі оңай қосып алуы бүкіл әлемді есеңгіретті. Бірақ осы оқиғаға түрткі болған алты фактор жылдар бойы қалыптасқан еді.
Ресейдегі қарулы исламшылдарға жақын веб-сайттың бірі шешен бүлікшілерінің басшысы Доку Умаровтың қаза тапқанын хабарлады. Шын-өтірігі әлі белгісіз. Ресей билігі де ақпаратты растамай отыр.
Белсенді Решат Әметовті өлтірмес бұрын азаптағаны анықталды. Бұл оқиға Қара теңіздегі түбекте тұратын мұсылман қауымы арасында үрей тудырды.
Владимир Путин Думаға барып, Қырымның Ресей құрамына қосылғанын салтанатты түрде мәлімдеді. Польша премьер-министрі Дональд Тускпен кездесіп шыққан АҚШ вице-президенті Джо Байден бұған бірден жауап қатты.
Путин мен Обаманың телефон сұхбаттары ондаған жылдардан кейін ғана жарияланады. Әзірге Ақ үй мен Кремль таратқан қасаң мәліметтерге қарап, екі тараптың ақпараттық соғысы қызып тұрғанын байқау қиын емес.
Украинаның Қырым түбегінде Ресейге қосылу жөнінде референдум өтті. Бір күннен соң ЕО мен АҚШ Ресей мен Қырым шенеуніктеріне қарсы санкция жариялады.
Халықаралық қорғанысты зерттеу орталығы (Таллин) маманы, EU Observer сарапшысы Томас Ермолавичюс «ЕО Ресейге қару сатуын тоқтатсын» дейді. Ал Еуропа қыруар табысынан бас тарта қояр ма екен?
Кремль жаба бастаған тәуелсіз БАҚ-тардың орнын әсіреұлтшыл риторикалы журналистер басты. Олар халықты «қайта түлеген Ресейдің жетекшісін» қолдауға шақырады.
Киевтің айтуынша, Ресей әскері Украина шекарасы маңына шоғырланып, елдің шығысынан шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Мұны дәлелдей алатын қандай да бір айғақ бар ма?
Украинадағы дағдарыс Ресей мен Батыс елдерінің арасын нашарлатып жіберді. Экономикалық санкция салдары екі жаққа да білінеді, бірақ Ресей көбірек зардап шегеді дейді сарапшылар.
Украина мен батыс елдері Қырымның мәртебесіне қатысты референдумды мойындамайтындарын айтады. Мәскеу «қырым сайлаушыларының таңдауын құрметтейтінін» мәлімдеді.
Азаттық 10 - 16 наурыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Жоғары вольтті электр сымдары аңдардың табиғи көшіп-қонуына кедергі келтіреді. Желіден таралатын ультракүлгін сәуледен үріккен аң оның астымен өте алмайды дейді мамандар.
Батыс наурыздың 16-сы күні өтетін Қырымның Ресейге қосылуы туралы референдумды «заңсыз» деп жариялады. Мәскеу Батыстың бұл әрекетін «екіжүзділік» деп айыптайды.
«Еуромайдан» кезінде шерушілерді таратуға жұмсалған «Беркут» арнайы жасағына Украинаның батысы мен шығысы екі түрлі қарайды.
Тағы