Ресейдегі интернет-провайдерлер бейсенбі күні Роскомнадзордың талабымен жапқан оппозициялық сайттарды аша бастады.
Ресей шетелден келген орыс тілді тұрғындарға азаматтық беруді жеңілдету жолдарын қарастырып жатыр. Бірақ ол заң негізінен білікті мамандар мен кәсіпкерлерге арналатын тәрізді.
Қырым түбегінің мәртебесіне байланысты наурыздың 16-сы күні өтетін референдум қарсаңында Ресей Қырым татарларын өз жағына шығарудың амалдарын жасап жатыр.
Ресей өнер адамдарының бір тобы Путиннің Қырымға байланысты саясатын қолдаса, екінші тарап оны «агрессиялық әрекет» деп айыптайды.
Әсіреұлтшыл ұрандарымен аты шыққан Ресей саясаткері Владимир Жириновский тағы бір оқыс мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол орыс әліпбиіндегі әріпке жабысты.
АҚШ-та газ өндірісі дамып келеді. Ресейдің Қырымға басқыншылығынан соң «АҚШ Еуропаға газ экспорттап, Батысты Ресейге тәуелділіктен құтқарса» дейтіндер бар. Идея жүзеге асуы мүмкін бе?
Танымал украин ақыны және «Еуромайдан» қолдаушысы Сергей Жадан «сепаратизмнің болашағы жоқ» екенін айтады. Ол «Ресей украиндықтарды біріктірді» дейді.
Ресейде екінші рет баспасөз жиынын өткізген Виктор Янукович Қырымдағы дағдарысқа Украинаның жаңа билігін айыптады.
Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей шабуылына наразылық білдірген соң жоғалып кеткен алты адамға іздеу салынды.
Адамды түрі мен киіміне қарап бағалама дейді. Бірақ Ауғанстан президенттігінен үміткер Ашраф Ғани сырт келбетін өзгерту арқылы сәуірде өтетін сайлауда жеңіске жетемін деп үміттенеді.
Қырымның ресейшіл басшылары түбекті Украинадан бөліп әкетуге тырысып жатқанда, Қырым татарларының жетекшілері Түркиядан қолдау сұрады.
Қырымдағы Бақшасарай қаласының жергілікті тұрғындары ресейшіл бұзақылардың қауіп төндіріп жатқанын айтады.
Польша министрі Тегеранға сапары барысында Иран ақпарат құралдарындағы цензураға таңғалғанын айтқан еді. Алайда оның бұл пікірі де цензураға ұшырап, ирандық БАҚ-та мүлде берілмеді.
6 наурызда Украинаның Қырым автономиялық республикасы парламенті Ресейге қосылуға дауыс берді. Ал жергілікті билік осы шешімді бекітетін референдум 10 күннен кейін өтетінін хабарлады.
Ресейдің Қырымға әскер кіргізгені интернеттегі келемеж-кекесінді көбейтті. Азаттық тілшісі әлеуметтік желідегі әзіл-әжуаларға шолу жасады.
Еуропа әртістері Қырым түбегіне әскер кіргізгені үшін Ресейдегі мәдени шараларға бойкот жариялады.
Мәскеу айырма белгісі жоқ форма киіп, Қырым түбегінде жүрген әскерді «Ресейдікі емес» дейді. Бірақ солдаттардың бірі өзі қызмет ететін әскери бөлімше Ресей қарулы күштерінікі екенін айтты.
Иранда қылмыскерлерді көпшілік алдында дарға асу жиілеп кетті. Оның видеоларын кей адамдар әлеуметтік желіге шығарады. Ол кадрлерді жариялау-жарияламау туралы дау да күшейіп тұр.
Ресей мен Украина арасындағы саяси кикілжің соғысқа алып келуі мүмкін деген де болжам бар. Азаттық тілшісі екі жақтың әскерін салыстырып көрді.
Кейбір сербтер «Батыстың екіжүзділігін» айыптап, Ресейдің Қырымдағы әрекетін қолдаса, бірқатар албандар мен босниялықтар «Еуромайдан» белсенділеріне жақтасады.
Тағы