Наурыз мерекесін бірнеше миллион доллар жұмсап арнайы салынған сарайда өткізуден бас тартқан ауған үкіметі сынға қалды. Кабул жұртшылығы үкіметті тиянақсыз деп айыптады.
Сүйікті қызымен тыныш жерде демалам деп Алматыға келген ағылшын ханзадасы Гарридің басы дауға қалды. Баспасөз оны «автократ басшыға жақын адамдардың ақшасына демалды» деп айыптады.
Азаттық 24 - 29 наурыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Ресей мен Украина арасындағы жағдай шиеленіскен сайын ақпарат майданы да қыза түсті. Ресей жағы «ұлт сатқындары» терминін қолданысқа енгізді.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдады. Дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды.
Украинаның Қырым аймағы Ресейге өткелі мұндағы заңдар да өзгерді. Осыған дейін өз құқықтарын қорғап жүрген белсенділер мен қарапайым мұсылмандар енді «экстремист» атануы мүмкін.
Ресей президенті Владимир Путин совет заманындағы жаппай дене шынықтыру бағдарламасын жандандыруға жарлық берді.
Қырымдағы украин солдаттары не үй-жайын тастап, Украинаға көшеді, немесе Ресей азаматтығын алады. Украинаға барғанда, оларға үкімет жағдай жасай ма? Қалған күнде Ресейдің маңдайынан сипауы екіталай.
Ауғанстандағы сайлау алдында кандидаттардан үгіт-насихат парақшаларын ел ішінде бастыру талап етілді. Сол-ақ екен баспа бизнесі гүлденіп сала берді.
1944 жылы 200 мың Қырым татары жүк пойызына тиеліп, жат елге айдалды. Енді Қырым Ресейге қайта қосылған соң, олардың көбі қудалау қайта бастала ма деп қорқып отыр.
Украинадағы «Оңшыл сектор» ұлтшылдар қозғалысының белсенді мүшесі Александр Музычко наурыздың 25-і түнде Украинаның батысындағы Ровно қаласында атып өлтірілді.
Швеция сыртқы істер министрі Ресейге ықпал ету амалын айтады. Оның сөзінше, санкциядан да маңызды нәрсе - Украинаға көмек көрсету.
YouTube порталына жүктелген құпия телефон жазбасында қатты-қатты сөйлеген әйел адам украиналық танымал саясаткер Юлия Тимошенкоға ұқсайды. Алайда ол «таспаның көп жері өзгертілген» дейді.
Севастополь портында Ресей әскери-теңіз күштерінің блокадасынан соң ресейшіл күштер Украина флотының флагманы саналатын «Славутич» кемесін басып алды.
Ресейден тыс постсоветтік аумақта өмір сүретін ресейлік азаматтар, этникалық орыстар және орыстілділер
Батыс Ресейдің Украинаға қатысты кампаниясын насихаттауын тұрпайы әрі қарадүрсін көрген еді. Бірақ Ресейде дәл қазір ол үгіттің ықпалы жүріп тұр. Алайда сарапшылар мұның ұзаққа бармасын айтады.
АҚШ Ресей президенті Путинге жақын кейбір адамдарға санкция салу туралы шешім шығарды. Сарапшылардың сөзінше, бұл шектеу санкцияға іліккендердің бизнесіне көп кедергі болмақ.
Ресей қауіпсіздік қызметінің офицері Герман Угрюмов – Шешенстандағы әскери операцияларды басқарған кезінде «адамдардың жоғалуына, азапталуына және өліміне жауапты» деген күдікке ілінген адам.
Азаттық 17 - 22 наурыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Молдовадан бөлініп, «экономикалық блокадада» өмір сүріп жатқан Приднестровье 200 мың орыстілді тұрғынға көмек сұрап отырғанын айтады.
Тағы