Украинаның шығысындағы үш қалада ресейшіл шерушілер үкімет үйлерін басып алды. Киев Мәскеуді "бұл әрекеттерге дем беріп отыр" деп айыптады.
Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің баспасы жала жабу туралы айыпқа қалудан сақтанып, Ресей президенті Владимир Путинді әшкерелейтін кітапты басудан бас тартты.
Қырым түбегін өзіне қосып алу арқылы Ресей ондағы әдемі жағажайлар мен қонақүйлердің, санаторийлердің қожайыны болып шыға келді. Мәскеу енді Қырымды туристпен толтырмаққа жанталасып жатыр.
Ресей Қырымды қосып алғалы Мәскеу мен Киев бірін-бірі ашық кекетіп-мұқатуға кірісті. Тіпті екі жақ бір-бірінің мәлімдемелерін мазақ етуге көшті.
Ауғанстанда сәуірдің 5-і күні президент сайлауы өтеді. Үкімет шалғай ауылдарға бюллетеньдер мен дауыс беру жәшіктерін жеткізіп үлгеру үшін ескі және жаңа тәсілдерді қатар қолданып жатыр.
Автономия құруды ұйғарған мәжіліс Қырым татарларының ұлттық мәртебесін анықтайтын референдум өткізбек. Референдумда нақты қандай сұрақ қойылатыны әзірге мәлім емес.
Түркіменстанда денсаулық және спорт айы өтіп жатыр. Елдің жер-жерінде мыңдаған адам парктерде серуендеуге, жұмыс орнында міндетті жаттығулар жасауға мәжбүр.
Ақпанның 20-сы күні Киевте 53 адамды кім атып тастады? Журналистік зерттеуін жариялаған америкалық тілші «қылмыстың артында Янукович жасақтары тұрғанына айғақ көп» дейді.
«Еуромайдан» дәрігері Ольга Богомолец Киевтегі үкіметке қарсы шеру кезінде жаралыларды емдеп, Украина қаһарманына айналды. Енді ол президент сайлауына түспек.
Кремльге қарасты сайт «Ресейге қарсы» БАҚ-ты анықтайтын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Қазір 20 шақты ақпарат құралы «қара тізімге» кірді.
Иран үкіметін сынап жүрген белгілі құқық қорғаушы Насрин Сотоудех барлау министрлігінің шақыртуына бармады. Ол «дөрекі түрде телефонмен шақыру заңсыз» дейді.
Азаттық қаржы маманы Айдар Әлібаевпен Бірыңғай зейнетақы қорының пайда болуына байланысты онлайн-конференция өткізді.
Бұрынғы сыртқы істер министрі әрі миллиардер Петр Порошенко Украинада мамырдың 25-іне белгіленген мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлаудың басты үміткері болып отыр.
Ресейлік БАҚ-та тараған «Мәскеудің Астрахань облысына және «қажет болған жағдайда» Қазақстан аумағына «Искандер-М» ракета комплекстерін қою туралы жоспарын» ҰҚҰК жоққа шығарады.
Ресей әскері Украинамен шекараға шоғырланып тұр. Жұрт соғыс болады деп үрейленсе, Мәскеу әскери қақтығыс болмайтынын айтады.
Совет әскері жеңіліп, ауған жерінен кеткелі ширек ғасыр өткенде Мәскеу Ауғанстанға қайта оралды. Бұл жолы жауынгер енгізбейді, ондаған миллион доллар инвестиция салмақ.
Қырымдағы ресейлік жауынгерлердің негізгі қару-жабдығы Украинаның әскери өнеркәсібінде өндірілген.
Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты Вашингтонның Мәскеуге қарсы санкциясы тағы бір мекемеге кесірін тигізді. Ол – террор мен есірткі тасымалына бірлесе қарсы тұру комиссиясы.
Ресей парламентінің депутаты бұл елдің әскери даңқына шәк келтіретін азаматтар мен видео ойындарды жазаға тартатын заң жобасын ұсынды.
Наурыз мерекесін бірнеше миллион доллар жұмсап арнайы салынған сарайда өткізуден бас тартқан ауған үкіметі сынға қалды. Кабул жұртшылығы үкіметті тиянақсыз деп айыптады.
Тағы