Ресейдегі «Пятерочка» гипермаркеттер желісінің негізін қалаушы бизнесмен Дмитрий Потапенко Кремльдің батыстық азық-түлік импортына салған тыйымы жайлы Азаттыққа сұхбат берді.
Ресей президенті Армения мен Әзербайжан басшыларын Сочиге шақырып, Таулы Қарабақ шиеленісін шешу жолдарын қарастырды. Бірақ Ереван мен Баку Мәскеудің ниетіне илана қоймайды.
Кремль Шығыс Украинаға гуманитарлық көмек жібергенін мәлімдеген соң-ақ 280 көліктен құралған ол шеру көп талқылауға себеп болды.
Кремль ел ішінде де, шетелде де интернеттегі жөн әңгімені анайы сөз пен бос байбаламға айналдыратын тролльдерді пайдаланады. Бұл жаңа кәсіп иелері қалай жұмыс істейді?
Жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың бал айын бірге шетелде өткізетін еуропалықтарға тән дәстүр енді тәжік қоғамына да тамыр жая бастады.
15 жыл бұрын құрылған Қазақстанның билік партиясы тұңғыш рет қаржылық есебін жариялады. Ал біреулер «Википедия» сайтындағы «Нұр Отан» туралы мақаланың «Сын» бөлімін өшіруге тырысып жүр.
Ресей билігі түрмедегі тұтқындардың еңбегін пайдалануды күшейте түсті. Түрмедегі жұмысты «азаптауға» теңеген сотталғандар өздерінің қорғансыз күйі мен тәуелсіз бақылаушылардан қайыр аз екеніне шағым айтады.
Ресей президенті Путиннің бұрынғы кеңесшісі, «Газпром-медиа» холдингі басшысы Михаил Лесиннің үстінен Калифорния сотында екі бірдей азаматтық іс қозғалды.
Жоғары оқу орындарына магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандары басталды. Сынақ қарсаңында «тест жауабын сатамыз», «емтиханыңа кіріп береміз» деушілер де шыға бастады.
Түркиядағы президент сайлауында премьер Режеп Тайып Ердоғанның жеңіске жеткені хабарланды. Жеңіс оған президенттің құзырын кеңейту жайлы айтқан сөзін іске асыруға мүмкіндік ашады.
Ресейде қара жұмыс істейтін мигранттар алдағы жылдан бастап орыс тарихынан сынақ тапсыратын болады. «Известия» газеті емтиханда қандай сұрақ пен жауап кездесуі мүмкін екенін жазды.
Тамыздың 10-ы күні Түркияда алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтеді. Түрік Республикасы құрылғаннан бері президентті парламент сайлап келген еді.
Белгілі шахматшы Гарри Каспаров Дүниежүзілік шахмат федерациясының басшысы болып сайлануға әрекеттеніп жатыр. Ал Мәскеу елшіліктері арқылы Кирсан Илюмжиновті қолдауға көшкен.
Тәжікстанның Хатлон облысы Кубодиян ауданында тұратын бір топ бойжеткен қарулы күштер қатарында қызмет етуге өтініш білдірді.
АҚШ президенті Ирактағы содырларды ұшақпен атқылауға шешім қабылдады. «Ислам мемлекеті» ұйымы христиандар қоныстанған аймақты басып алған еді. Ондаған мың адам босып кеткен.
Ресейдің «Россия сегодня» ірі ақпарат агенттігі Тәжікстанда өкілдігін ашқалы жатыр.
Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі «халал» деп сипатталған кейбір шұжықтардан шошқа еті табылғанын мәлімдеді. Ал шұжық жасаған кәсіпорын ол айыппен келіспейді.
Өзбекстан тәуелсіздік алған кезде шығарған мемлекеттік облигацияларының қарызын өтеуді бастады. Бірақ бұдан еш пайда көрмеген инвесторлар үкіметтің өздерін алдап соққанын ұқты.
Ауғанстанда 10 жылдан аса шетел әскері болды. Мұның өзі жергілікті экономикаға үлкен сүйеу еді. Енді бұл әскер ауған жерінен кетіп жатыр. Олар кеткен сайын ауғандықтар экономикалық жағынан тарыға бастады.
Әзербайжанның сепаратистік аймағы Таулы Қарабақта болған қақтығыстың артында кімдер тұр? Ұзаққа созылған бұл жанжалды реттеуге бола ма әлде қақтығыс одан әрі ушыға ма?
Тағы