Ауғанстан астанасында жұрт «Обама базар» деп атап кеткен базар бар. Батыс әскері елден шыға басталғалы жылдар бойы қанат жайып келген бұл сауда орнының кетеуі кете бастады.
Ресейге түрмеде отырған ұшқыштың жағдайын білу үшін барған украиналық журналист Евгений Агарковтың өзін де 10 күн қамауда ұстаған соң Ресей билігі оны елден шығарды.
Мәскеу Қырымды Киевке бермейтінін айтады. Ал Украина билігі мен азаматтық қоғамы Қара теңіздегі бұл түбекті өзіне қаратып алудың стратегиясын ойластыруға кіріскен.
Эбола індеті Африканың батысында өршіп тұр. Бірақ вирусты зерттейтін мамандар оның «бүкіл әлемге жайылуы екіталай» дейді.
Ресей медиа-магнаты Михаил Лесин АҚШ сенатының қырына ілікті. Сенаторлар оның Лос-Анджелестен қымбат пәтер алуға ақшаны қайдан тапқанын тексеруді сұрады.
Әзербайжан билігі танымал құқық қорғаушы Лейла Юнусты «мемлекетке опасыздық жасады», «басқа да қылмыстарға қатысы бар» деп айыптап, түрмеде ұстап отыр.
Кремль Украинадағы соғысты «көрші елдің ішкі мәселесі» дейді. Бірақ Украинада жүрген немесе шекара маңындағы Ресей сарбаздарының суреттері Мәскеу мәлімдемесін теріске шығарады.
«SOS әскері» мен «ДХР әскери комиссариаты» ұйымдары Украинадағы соғыста қай жаққа көмектесіп жатыр?
Ресейшіл сепаратистердің дәрмені құрып, басарға тауы қалмай барады. Бірақ олардың жетекшісі тығырықтан шығар жолды білетін сияқты. Ол сепаратистерге бейпіл сөз айтуға тыйым салды.
ИШИМ ұйымы Ирактың солтүстік-батысын басып алды. Енді олар билігін нығайтуға тырысып жатыр. Бірақ өзін өзі жариялаған «халифат» әуелі «исламға қайшы» дүниелерді қиратуға кірісті.
АҚШ пен Еуропа Одағы Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерді қолдап отырған Ресейге бірнеше сала бойынша тағы санкциялар салды.
Қырғызстандағы Ош қаласының 19 жастағы тұрғыны мешітке балағы шолақ шалбар киіп келгені үшін таяқ жеді. Сарапшылар бұл оқиғаны діни радикализм деп сипаттайды.
Киевтік театр режиссері Павел Юров пен суретші Денис Грищукті Славянск қаласында Игорь Стрелков басқарған ресейшіл сепаратистер 70 күн бойы тұтқында ұстады.
Гаага соты Ресейдің аса ірі мұнай компаниясын мәжбүрлі банкроттыққа ұшыратқаны үшін төленуі тиіс өтемақы мөлшерін белгіледі.
Мәскеу АҚШ-тың барлау қызметінің бағасын сынап, сарапшылар әуе апаты болған жерге жете алмай жатқанда, батыс журналистері жолаушылар ұшағының құлауына қатысты зерттеулерін ұсынды.
Twitter әлеуметтік желісіндегі жаңа бағдарлама АҚШ, Украина мен Ресей үкіметінде Украинаға қатысты даулы деректерді «Википедия» сайтына өзінше өңдеп бергісі келетіндер барын көрсетті.
АҚШ санкциясына ілінгелі Ресейдің «Калашников» автоматының саудасы, керісінше қыза түскен. Ресей «Вашингтонның бұл шешімі ең алдымен америкалық тұтынушыларға кесірін тигізеді» дейді.
Украина дағдарысы туралы осы елдің өзінен тікелей хабар алу қиындап барады. Оның үстіне, интернетке шыққан ақпараттар жоғалып кетіп жатыр.
Әлем назары Малайзия жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдарды жерлеу рәсіміне ауып тұр. Ал Украинадағы ұшақ құлаған жерді зерттеуге кедергі көп. Апат себебін анықтау қиын болатын сияқты.
Ресей билігі үкіметтік емес 11 ұйымды «шетел агенті» деген «қара тізімге» қосты. Белсенділердің айтуынша, Кремль осы арқылы құқық қорғау ұйымдарына қысымды күшейтіп отыр.
Тағы