Әзербайжанда адам құқығын қорғаушы ерлі-зайыпты Лейла және Ариф Юнустардың «алаяқтықпен айналысып, мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен тұтқында отырғандарына бір айға жуық уақыт болды.
Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистердің қолға түскен украин соғыс тұтқындарын мәжбүрлі түрде шеруге шығаруын айыптаушылар көп. Мұндай әрекет халықаралық заңды бұза ма?
АҚШ журналисі Джеймс Фоулиді жазалаған жантүршігерлік видеоны жариялаған террористік ұйымның танымал әлеуметтік желілердегі парақшалары жабылды. Бірақ ұйым енді басқа амал тапқан.
Қауіпсіздік басшыларының бүлікшілерді тұтқындамай-ақ, көздерін құрту туралы бұйрығын әскер қуана қарсы алса, құқық қорғаушылар тіксініп қалды.
Бішкек Мәскеудің Батыс елдеріне қарсы «азық-түлік» эмбаргосын өз жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін Ресейге экспорттауды еселеу үшін пайдаланғысы келеді.
23 тамыз күні Германия канцлері Ангела Меркель Киевке барды. Ресейдің ымыраға келе қоярына сенім аз болса да, осы жолы Украина дағдарысының түйіні шешіле ме деген үміт бар.
Ресей тұтынушыларының құқығын қорғайтын «Роспотребнадзор» Мәскеудегі төрт McDonald's дәмханасын уақытша жапты. Қала тұрғындарының көбі үшін бұл күтпеген жаңалық болды.
Мәскеудің Батыс елдерінен келетін азық-түлік өнімдеріне салған санкциясы Ресейдегі тұтынушыларға ауыр тиді. Импортты шектеу елдегі азық-түлікті қымбаттатып жіберді.
АҚШ-та терактіге байланысты істі болған Диас Қадырбаев айыбын мойындап, тергеуге болысуға келісті. Прокурорлар енді оның жазасы біршама жеңілдеуі мүмкін дейді.
Украина «Еуромайданнан» соң және шығысында басталған соғыстан кейін Батысқа әйгілі бола бастады. Ал Голливуд фильмдері бұған дейін украиндарды басқаша сипаттайтын.
Бостондағы жарылысты тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деген айыппен АҚШ түрмесінде отырған қазақстандық Диас Қадырбаев кінәсін мойындауға келіскен. Бұл туралы оның адвокаты хабарлады.
Ұлыбританияда жүк контейнерінен 35 ауғандық сикх табылған соң әлем назары Ауғанстандағы шағын ғана діни азшылық өкілдеріне ауды. Оларды кейде өз еліндегі шетелдіктер деп те атайды.
Белгісіз біреулер Ресей астанасындағы биік ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаны көк және сары түске бояп, ұшар басына Украина туын іліп кеткен.
Полицияның қарусыз жас жігітті атып өлтіруі АҚШ аумағында үлкен дүрбелең туғызды. Бұл жайт елдегі нәсілдік алауыздықтың әлі де жойылмағанын көрсетті.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың музейдің ашылу салтанатында жоғалтқан телефонын іздеген полиция мыңдаған адамды тергеуге алды.
Ресейлік белгілі рок музыкант өткен аптада Шығыс Украинаға барып, босқын балаларға концерт қойды. Мәскеудегі депутаттар оны осы әрекеті үшін мемлекеттік атақтарынан айыру керек деп санайды.
Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің танымал жетекшілері біртіндеп кетіп, олардың орнын жұртқа белгісіз жергілікті адамдар басып жатыр. Кеткендердің кейбірі Мәскеуден шықса, кейбірі ізім-қайым жоғалған.
Босния, Сербия және Косово үкіметтері кикілжің аймақтарында жалданып соғысып жатқандардың легін тоқтата алмай әлек. Бұл елдердің азаматтары неге экстремистік жолды таңдап, бөтен елде соғысып жүр?
Ресейдің саяси өмірінде ондаған жылдар бойы елеусіз қалып келген әсіреұлтшыл «Завтра» газеті Украина дағдарысы басталғалы бері көлеңкеден шығып, өзін таныта бастады.
Шығыс Украинадағы сепаратистердің ақпарат агенттігі бүлікшілер командирі Игорь Стрелковтың ауыр жараланғанын хабарлаған еді. Бірақ басқалары бұл деректі терістейді.
Тағы