Обама АҚШ-тың Кубамен байланысын қалпына келтіру ниетте. Бірақ республикашыл саясаткерлер Гаванаға қатысты саясаттың жұмсаруына құлықты емес
Азаттық әйгілі адамдардың биылғы оғаш қылықтары, ерсі сөздері, ел алдындағы келеңсіз әрекеттері, халықтың әжуасына ұшырауы сияқты жайттарды шолып шықты.
17 желтоқсан – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы басталған күн. Демократиялық жаңару және Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күні ретінде ел қалаларында қоғамдық белсенділер шаралар өткізеді.
Пәкістанның Пешавар қаласында талибтер мектепке шабуыл жасап, 126 адамды мерт етті.
Рубльдің күрт құнсызданған сәтін пайдаланған ресейліктер «бағасы өспей тұрғанда алып қалайық» деп қымбат көліктерге мініп жатыр. Сарапшылар бұл арзаншылық ұзаққа созылмасын айтады.
Ресейден еліне оралған өзбек еңбек мигранттары жаңа биометриялық төлқұжат алу үшін Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметіне (ҰҚК) барып, «әңгімелесіп» қайтады.
Александр Литвиненконың қазасы туралы триллер түсіруге Андрей Луговойдың қатысуы арнайы қызметтің тағы бір операциясын еске салады.
Сепаратистер басып алған Украинаның оңтүстік-шығысында көршісі көрсетіп, тұтқындалып жатқан жандар көбейді. Бұл кезінде бүкіл халықты шошытқан сталиндік террорды еске салады.
2014 жыл Ресей насихат құралдары шетелдерде белсенді әрекетке көшкен жыл болды. Кремль ел ішінде жұртты қалауынша «тәрбиелесе», шетелдегі жұртты шатастыру әдісін қолданады.
Ресейдің сауда әріптесі және көршісі саналатын бірқатар елдер рубль бағамына қарайлап отырады. Рубль арзандаған кезде бұл елдердің ақшасы да құнсызданды.
Бұдан былай Ресейге барған еңбек мигранттары орыс тілі мен тарихынан және Ресей заңдарынан емтихан тапсырады. Ал орыс православ шіркеуі оларға дұрыс жүріп-тұруды үйрете бастады.
Көп адам саясаттан мезі болған кезде назарын спортқа аударады. Бірақ 2014 жылы Олимпиададан «Формула-1» жарысына дейін қымбат стадиондар мен сүйкімсіз саяси режимдер арасында байланыс бар екенін байқатты.
Ресей парламентінің төменгі палатасы - мемлекеттік дума Арменияның Еуразия экономикалық одағына қосылуы туралы келісімді ратификациялады.
Ресей миллиардері Әлішер Усманов америкалық ғалымның Нобель сыйлығы медалін бірнеше миллион долларға сатып алып, артынша оны қайратып берді. Усмановтың біз білмейтін қырлары көп.
Танымал опера әншісі Анна Нетребко Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдаймын деп дауға қалды. Әлеуметтік желідегі жұртты оның сепаратистер лидерімен түскен суреті ашуландырды.
Ондаған мың қырғыз күнкөріс қамы үшін фамилияларын өзгертіп, соңына бұрынғыша «-овты» жалғай бастаған. Айтуларынша, бұл олардың Ресейге барып жұмыс істеуін жеңілдетеді.
Қара нәсілді азаматтардың ақ нәсілді полицейлер қолынан мерт болуы елде наразылық туғызып, нәсілшілдік мәселесіне назар аудартты.
Сирияның Кобани қаласындағы соғыста «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы құрамындағы 21 жастағы Грузия азаматы қаза тапқан. Бұл туралы Грузия және Ресей ақпарат құралдары хабарлады.
Франсуа Олландтың қазақ шапанын киіп түскен суретін сынаушылар оның Франция президенті ретіндегі беделіне тағы бір нұқсан келгенін айтады.
Иран билігі ресми некелеспей-ақ бірге өмір сүріп жатқан адамдардың көбейіп бара жатқанына наразы болып отыр.
Тағы