Еуропада гастрольде болған «Океан Ельзи» тобының әншісі Святослав Вакарчук Лондон, Париж, Барселона қалаларында лекция оқып, студенттермен пікір таластырды.
Тәжік мемлекеттік телеарнасы Голливуд фильмдерін субтитрсіз ағылшын тілінде көрсете бастады. Телеарна өкілдері жұрттың ағылшын тілін тезірек үйренуі үшін фильмдерді аудармасыз беріп жатқандарын айтады.
Жаздан бері түрмеде жатқан әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнус желтоқсанның 2-сі күні қызынан хат беріп жіберді. Онда Юнус жендеттерден көрген қорлығын баяндайды. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын санайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана мен Париж арасындағы әлдебір күмәнді келісім» туралы Батыста айтылып жатқан шулы оқиғаға қатысы жоғын мәлімдеді.
Батыс елдері азаматтары өз үкіметінің Ресейге қарсы саясаты үшін Владимир Путиннен интернет арқылы кешірім сұрай алады. Ғаламторда осындай бір жұмбақ петиция пайда болды.
Сириядан оралған 22 жастағы Шешенстан азаматы Саид Мажаев ісінің бұлыңғыр тұсы көп. Туыстары оның екі жылға сотталғанына наразы, ал полиция өкілдері «тым жеңіл үкім кесілді» дейді.
Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы интернеттегі бостандық жайлы есебін жариялады. Қазақстан бұл тізімде бұрынғы бірнеше постсоветтік көршілерімен бірге тұр.
Ресей президенті Қырымды аннексиялауды ақтап, Украинаның ісіне кірісуді «отандастарды қорғау қажеттілігі» деп түсіндірді. Путиннің сөзінше, «Ресей ксенофобияға ұрынса, әлсіздік болар еді».
Томскідегі ТВ-2 тәуелсіз телеарнасы 2015 жылдың қаңтарынан бастап хабар таратуын тоқтатуы мүмкін.
Украина жұртта жоқ дәстүр шығарып, жаңа үкіметтегі үш маңызды министрлікті шетелдіктерге ұсынды. Парламент үкімет құрамын бекітерден бірер сағат бұрын ғана АҚШ, Грузия, Литва азаматтарына Украина паспорты берілді.
Молдованың биліктегі батысшыл коалициясы жақтастары парламенттен үкімет құруға жетерліктей орын алды. Бірақ жаңа сайланған парламентте Ресеймен жақындасуды қолдайтындар да аз емес.
Мұнай бағасының арзандауынан және Батыс санкциялары кесірінен Ресей рублі құнсызданып барады. Бұл жайт ресейліктерді үрейлендіріп отыр. Бірақ рубль бұған дейін мұндай валюта дағдарысының талайын басынан өткерген.
Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресей өкілінің болашақ ЕАЭО территориясында доллар мен еуроны қолданудан бас тарту бастамасына қарсылығын жариялады.
Метро вагонында хиджабсыз билеген ирандық әйелдің ісі ел заңына қайшы әрекет деп есептеледі.
Бұл екеуі де 60-тан жаңа асқан саясаткерлер. Оның үстіне олар Еуропаның шығысындағы ірі державаларды басқарады. Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның ұқсастығы бұл ғана емес.
Көптеген елдерде мұнайдың пайдасын тек биліктегі санаулы топ қана көреді. Мұнайдан түскен қаржыны халықтың игілігіне жұмсағысы келген мемлекет Норвегиядан үлгі алуына болады.
Азаттық жариялаған "Квартиранттың арманы" блог байқауының жеңімпаздары анықталды.
Жеті күн бойы Ресей телевизиясының хабарларын үзбей көрген америкалық сарапшы мидың екі жақ бөлігінің арасындағы қайшылықты байқағанын айтады.
Қарашаның 30-ы күні сайлаушылар Молдова 2009 жылдан бері ұмтылып келе жатқан бағыт - еуроинтеграцияға қатысты көзқарасын білдіреді.
Қырым татарлары осы жылдың көктемінде наразылық шарасына шыққан төртінші адамды тұтқындаған жаңа биліктің рақымсыздығына наразы. Қырым татарлары жетекшілері Ресей аннексиясына қарсы болған еді.
Тағы