Ресей «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі аккаунттарына тыйым салған. Бірнеше ай өткен соң ұйым сайтта үлкен топ құрып алды.
Өткен аптаның соңында Душанбеде Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің арасындағы шекара сызығын анықтау жөніндегі қырғыз-тәжік жұмыс тобы іске кірісті.
Ресей мәдениет министрінің Украинадағы оқиғаларға қатысты саясатымен келіспеген осы мекеменің алқа мүшесі ашық хат жазып жұмыстан кетті.
Норвегиялық Telenor «компания ішінен жемқорлық дерегін таппадық» деп мәлімдеді. Ал аноним дереккөз «Өзбекстан байланыс операторына иелік еткен норвегтер миллиондаған доллар пара жөнінде білуі тиіс» дейді.
Арменияда наразылар «бір үйдің алты адамын өлтірген» ресейлік солдатты армян сотына тапсыруды талап етіп жатыр. Оқиғаның Ереван мен Мәскеу қарым-қатынасына сынақ болатын түрі бар.
Тәжікстанның Жылыкөл ауданындағы бастауыш мектеп мұғалімі Гуломхайдар Искандаров 70 жасқа келгенде университетке түсті.
Бір әріптесім Азаттықтағы жиында Париждегі терактілер туралы репортаждарды талқылап жатқан сәтте: «Бәріміз өзімізді айыпты сезініп жүрміз» деді.
Ресейде тергеу изоляторында бір айдан бері аштық жариялап жатқан Украинаның әскери ұшқышы Надежда Савченко «босатпаса, өлімге дайын» екенін мәлімдеді.
Шешенстан терроршылардың туыстарын да қуғындау тәжірибесін заңдастырғысы келеді.
ИМ-нің жан шошырлық жаңа видеосында қарулы ұл бала "Ресейдің ФСБ агенттері" деп сипатталған екі адамды атып өлтіреді. Видео қаңтардың 13-і күні әлеуметтік желіде тарады.
Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оштағы тергеу изоляторына қамалған адамдар «Сирияда әскери дайындықтан өтіп, соғысқа қатысып келгендерін» айтады.
Франция Charlie Hebdo журналына шабуылдан ары үш күнге ұласқан, 17 адам қаза тапқан қантөгістен есін зорға жиып келеді. CEVIPOF саяси зерттеулер орталығы маманы Сильвен Бруар елдегі ендігі өмірдің қалай өзгеретінін болжайды.
БТА банк ісі бойынша Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізілген Вероника Ефимова жайлы бас прокуратураның жауабында тұтқынның медициналық тексеруден өткені айтылған.
Зерттеуші Александр Гариннің «ақымақтыққа салыну, 19-ғасыр, жолы болғыш басшы, педагогикалық процесс» туралы ойларын оқыңыз.
Жексенбіде Парижде болған шеруге бір жарым миллионнан астам адам шықты. Жұрт теракт құрбаны болған Charlie Hebdo журналистерін еске алды. Маршқа әлем елдерінің 40-қа жуық басшылары келді.
Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилованың Баку абақтысында отырғанына бір айдан асты. Халықаралық ұйымдардың қолдауына қарамастан, оның басына түскен сынақ әлі бітпейтін тәрізді.
Әлемдегі беделді басылымдардың бірі - New York Times газетіндегі орфографиялық қате интернеттегі «Қырзбекстан» елі картасы, тарихы мен мәдениеті жайлы жазбаларға түрткі болды.
Париждегі Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылға күдіктілер - ағайынды Шериф пен Саид Куачидің арнайы операция кезінде мерт болғаны хабарланды.
Чехтар мұсылмандарды кемсіткен популист саясаткерге наразылықтарын кәуәп жеу арқылы білдірмек.
Париждегі Charlie Hebdo журналына жасалған террорлық шабуылдың кесірінен Франция талантты карикатурашыларынан айырылды.
Тағы