Париждегі Charlie Hebdo журналына жасалған террорлық шабуылдың кесірінен Франция талантты карикатурашыларынан айырылды.
Франциядағы Charlie Hebdo сатира журналы редакциясына жасалған қарулы шабуылдан соң әлемнің түкпір-түкпіріндегі журналистер мен басқа да мамандық иелері басылым тілшілеріне қолдау білдіріп жатыр.
Әзербайжанда «Сирияда соғысты» деген күдікпен 10 азамат қамалды. Мұны қаңтардың 7-сі күні осы елдің ұлттық қауіпсіздік министрлігіне сілтеме жасаған Әзербайжан мен Ресей басылымдары хабарлады.
Француз полициясы Парижде сатиралық журналдың редакциясына жасалған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 12 адам мерт болғанын растады.
Қаңтардың 6-сы күні республикалық партия АҚШ Конгресінде екі палатаның билігін қолына алды. Бұл өзгеріс енді басқа елдерге де ықпал етуі мүмкін.
Сепаратистердің тұтқынында 135 күн болған украиналық журналист Роман Черемскиймен сұхбат.
Биыл Еуропа Одағы құрамындағы екі елде сайлау өтеді. Ресейге санкция салу шешімі де одақ мүшелерін екіге жарып тұр. Дәл осы мәселелер Еуроодақтағы ауызбірлікті сын тезіне салмақ.
Германия мен Франция басшылары Астанадағы Украинаға қатысты саммит Минск келісімі орындалатындай болса ғана қатысатынын ескертті.
«Оскар» жүлдесіне Ресей ұсынған фильмде ешкіммен санаспайтын дөрекі билікке қарсы шыққан адамның дәрменсіз күресі бейнеленген. Көптеген бақылаушыларға бұл тың жаңалық болды.
"Ислам мемлекеті" тобының мүшесі әйелдерге некелесу талабын баяндап, Сирияда соғысып жүрген содырларға қосылуға үндейді. AI ұйымы ИМ тобының әйелдерге жасаған зорлық-зомбылығын айыптаған.
Өздерін "Ислам мемлекеті" тобы құрамында соғысып жүргендерміз деп таныстырған біреулер Тәжікстанда "жиһад" жасауға басшыларынан рұқсат сұрағанын айтады.
Саясаттанушы Глеб Павловский Ресейдегі 2014 жылғы оқиғаларды «стратегиялық дағдарыс», «басқару қабілетін жоғалту» деп бағалайды. Кезінде Кремль әкімшілігіне қызмет еткен сарапшы енді оның әрекетін сынайды.
Украина дағдарысы Ресейдің Батыспен қарым-қатынасын нашарлатып жіберді. Бұл теке-тіресте жеңілген жағдайда Ресейдің 2015 жылы зор шығынға ұшырауы мүмкін.
Американың Кубадағы Гуантанамо базасындағы әскери түрмесінен босаған бес адам Қазақстанға келді.
Австрия прокуратурасының Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласына адам өліміне қатысты айып таққаны хабарланды.
Халықты абдыратып қызметтен кету, әскери басқыншылық пен қатаң жазаға тарту сияқты нашар жаңалықтар көбіне желтоқсанның соңында – елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда болады. Әдетте бұның бәрі Ресейден басталады.
Азаттық 30 желтоқсанда журналист Қасым Аманжолұлымен жыл оқиғалары жөнінде онлайн-конференция өткізді.
Кезінде тек әскерилердің құралы болған қашықтан басқарылатын шағын ұшатын аппаратты (дрон) қазір әркім ала алады. Осы құралдың арқасында әлемді түрлі қырынан бақылауға мүмкіндік туды.
Әзербайжандағы Азаттық бюросының бірнеше қызметкерін полиция ұстап, тергеуге апарды. Екі күн бұрын Азаттық редакциясын осы елдің прокуратурасы тінтіп, кеңсені жауып, есігін мөрлеп кеткен еді.
«Қырым ісі» бойынша айыпталған Геннадий Афанасьев жеті жылға сотталды, Олег Сенцов үкімді күтіп, қамауда отыр.
Тағы