Нью-Йоркте Чайковский операсын қойған ресейлік әртістерге бір көрермен наразылық танытып, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты саясатын айыптайтын плакат ұстап, сахнаға шығып кетті.
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Вязьма қаласында тұратын үй шаруасындағы әйелді Украина елшілігіне телефон соққаны үшін «мемлекетке сатқындық жасады» деп тұтқындады.
Қырғызстан ішкі істер министрлігі өкілі Азаттыққа Сирияға кеткен азаматтар жайлы мекеме зерттеуі жөнінде айтып берді. Оның сөзінше, адамдар соғысқа радикалдық идеология ықпалымен кеткен.
Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстанда былтыр бейбіт жиын өткізу құқығы, сөз бостандығы мен дін еркіндігі аясы тарылғанын айтады.
АҚШ федералдық тергеу бюросы осы апта тыңшы деген күдікпен Ресей азаматын тұтқындады. Ал ресейлік сарапшылар «барлаушы топ аса құнды деректер жинаумен айналыспаған» дейді.
Ұйым есебінде Қазақстан биыл да «еркін емес» деп танылған елдер тізімінде тұр. Есепте бұл елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалы да сипатталған.
Ресейдің Украинаға қатысты саясатынан соң Мәскеу мен Минск арасы салқын тартты. Енді Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуды көздей ме?
Қазақстан Heritage Foundation ұйымының биылғы экономикалық еркіндік индекcінде былтырғыдан төмендеп, 69-орынды иеленді. Елдің ұпайын азайтқан жағдайдың бірі – жемқорлық.
Грекиядағы сайлауда солшылдардың СИРИЗА коалициясының жеңіске жетуі Еуропа қаржы нарығында дүрбелең тудырды. «Бұл оқиға ЕО сыртқы саясатына өзгеріс әкеледі» деп болжайтындар да бар.
Азаттық 29 қаңтар күні Қазақстан қоғамындағы діни мәселелер тақырыбы бойынша дінтанушы Бақытжан Сатершиновпен онлайн-конференция өткізді.
Украинаның теңіз жағалауындағы Мариуполь қаласына шабуыл жасаған ресейшіл сепаратистер Киев билігіне қарсы стратегиялық және символикалық тұрғыда соққы бергісі келеді.
Биыл туғанына 100 жыл толған жазушы Ілияс Есенберлиннің совет кезінде Қазақ хандығы жайлы жазған тарихи романдары әлі сұранысқа ие. Бірақ сыншылар оның «тарихи маңызы ескірді» дейді.
Нацистер дәрігері Йозеф Менгеленің тұтқындарға жасаған жантүршігерлік сынақтарын басынан өткерген Ева Мозес Кор өзін азаптағандардың бәріне кешірім бергенін айтады.
Душанбедегі ислам гимназиясының басшылығы студенттер осы мекеменің «жарғысын бұзғаны үшін» оқудан шығарылғанын айтып отыр.
1945 жылы қаңтардың 27-сінде қызыл әскер Освенцимдегі концлагерь тұтқындарын азат етті. Бұл лагерьде нацистер жүздеген мың тұтқынды қамауда ұстап, өлтірген еді.
Азаттық 23 қаңтар күні «Әділ сөз» баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеевамен онлайн-конференция өткізді.
Сауд Арабиясы королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд 91 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Совет Одағында туып, 21 жылдан бері АҚШ-тың Бостон қаласында тұрып жатқан биофизик Максим Франк-Каменецкий жақында Ресейге келіп, төрт ай аялдады. Елдегі ахуалдан шошыған ол ресейліктерге ашық хат жазды.
75 жастағы Владимир Ионов Мәскеуде өтетін Кремль саясатына қарсы наразылық шараларына жиі қатысады. Енді ол осы әрекеті үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Халықаралық дағдарыс тобы есебінде "Ислам мемлекеті" тобында жүрген Орталық Азия елдері азаматтары тарапынан қауіп-қатер барын ескертеді.
Тағы