Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлауға түсетініне «күмәні бар» екенін мәлімдеді. Ол «декорацияны өзгертетін уақыт келген шығар» деген
Стамбулда Тәжікстанның оппозицияшыл "Группа 24" ұйымының жетекшісі Умарали Куватов қастандықтан қаза тапты
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында беттеріне пәрәнжі жапқан ондаған ер адам ауған астанасы Кабулде әйелдер құқығын қолдап, демонстрация өткізді.
Ирак ұлттық армиясы Тикрит қаласын «Ислам мемлекеті» содырларынан қайтарып алуға жанталасып жатқан тұста оларға көршілес Иранның әскери көмек беріп отырғаны айқын байқалды.
Мәскеуде қастандықтан қаза тапқан Борис Немцовтың жақтастары «Путин 15 жылда өшпенділік атты кірпіштен сарай соқты» дейді. Мұның кесірінен жұрттың дені зорлық-зомбылықты мақұлдайтын дәрежеге жетті. Азаттық тілшісі Путин мұны қалай жүзеге асырғанын талдайды.
Францияның кассациялық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы Лион сотының шешімін күшінде қалдырды.
«Мен - орыс басқыншымын» аталатын жаңа видеоролик Ресейдің көрші елдерге жасаған басқыншылығын ақтайды және әлемге [Ресейдің ісіне] «араласпа» деген ескерту жасайды.
Тәжікстанда өткен парламент сайлауында Орталық Азиядағы жалғыз ислам партиясы ойсырай жеңілді. Сарапшылар мұның себебін түрліше жориды.
Борис Немцовтың қазасына қатысты істі Ресей құқық қорғау мекемелерінің ең жоғары лауазымды тұлғалары жеке бақылауына алып, тергеу жүргізіп жатыр. Ал қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ресейлік маман «өлтіргендер жазаға тартылмайды» дейді.
«Ислам мемлекеті» ұйымы тәрізді радикал топтар Қырғызстанның оңтүстігі мен Өзбекстанның Әндіжан облысына кіре бастаған. Мұны Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті растап отыр.
Көптеген тарихшылар орыс оппозиционері Борис Немцовтың қазасын 1934 жылы қастандықпен қаза тапқан Сталиннің бәсекелесі, большевик Сергей Кировтың өлімімен салыстырады.
Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруіне, ұйымдастырушылардың айтуынша, елу мыңнан аса адам қатысқан. Мұндай акциялар жексенбіде өзге елдерде де өтті.
Борис Немцов Ресейді Владимир Путин басқарған кезде кісі қолынан қаза тапқан қайраткерлердің қара тізімін толықтырды.
Қырғызстанда есекті сойып, етін сатпақ болғандар бірнеше күннен бері ел ішін шулатып, әлеуметтік желілердің негізгі тақырыбына айналды.
Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты жұма кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер атып өлтірді.
Ресейде балалардың қолдарына қару макетін ұстап суретке түскен отан қорғаушылар күні шарасы әлеуметтік желіде қатты сыналды.
Ресейде жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтып жатыр. Бұл Мәскеудің Батыстан оқшаулану саясатының бір айғағы болса керек.
«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымынан қауіптенген Ресей АҚШ-пен барлау мәліметтерін алмасуға дайын екенін айтты.
АҚШ-тағы журналистика мектебінің студенттері Ресей қаржыландыратын RT арнасын зерттеп, оны «Кремль насихатының құралы» деп айыптау әділетті ме деген сауалға жауап іздеді.
АҚШ билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарында соғыспақ болды деген күдікпен Қазақстанның - бір, Өзбекстанның екі азаматын ұстады
Тағы