Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтетінін жариялады.
Петербургтің бұрынғы мэрі, Путинді саясатқа «әкелген» Анатолий Собчактың жүрек талмасынан қайтыс болғанына 15 жыл толды. Бұл өлімге Путиннің қатысы болған деген долбар айтатындар бар.
Азаттық Омбыдағы «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісовамен онлайн-конференция өткізді.
«Сирияда экстремистермен бірге соғысты» деп сотталған шешен азаматы жуықта бостандыққа шықты. Шешенстан жоғарғы соты оны әуелі екі жылға соттап, кейін бұл мерзімді сегіз айға қысқартқан.
Арменияда президент Серж Саргсянның басты қарсыласы Гагик Царукян «билікті құлату операциясын» бастау райынан айныды. Ал сарапшылар елде шынайы демократияның белгілері әлі де аз екенін айтады.
Австрияда Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің түрмеде қайтыс болғаны хабарланды. Ресми ақпарат бойынша, ол өзіне қол жұмсаған.
Әлеуметтік желіге жарияланған суретінде ол - жақсылап қырынған, күлімсіреген, қызылшырайлы жігіт. Мойнында үш алтын медалі бар. Ал екінші бір суретінде сақалы тебіндеп келеді, түрі қатулы, қолында - тапанша.
Иран Еуропаның газ нарығына кіргісі келеді, мұны Ресей экономикасына қауіп санайды.
Өзбекстандық мектеп оқушылары енді мақта теруге бармайды, бірақ металл, қағаз және басқа да мемлекетке қажетті қайта өңделетін шикізатты жинап, тапсыруға тиіс.
Монакода британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин чемпион екенін тағы дәлелдеді.
Түрмеде отырған Мұхтар Жәкішевтің қайын атасы, қырғызстандық бизнесмен Райхан Алхановқа қастандық жасаған деген күдікпен тергеу абақтысына қамалған 17 жастағы қыз үй қамағына ауыстырылған.
Оппозициямен күресу үшін құрылған «Наши» қозғалысының бір тобы жолдағы тәртіпсіздікті бақылап, интернетте танымал болып кетті.
Үйлерін, бала-шағасын тастап, Сирияға аттанған Қырғызстан азаматтарына қатысты жаңа зерттеу жасалды. Бұрынғы қалыптасқан пікірлерге қайшы келетін қызықты, күтпеген фактілер анықталған.
Бішкектегі Қырғызстан медицина академиясындағы коррупциялық дау осы оқу орны қызметкерлері Азаттық тілшілеріне күш көрсеткен соң тіпті ушыға түсті.
«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп алаңдайтындар көп. Мұндай қауіптің бар екенін жуырда Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилони де мәлімдеді.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Ливияда 21 египеттік христианның басын алғаны үшін Батыс елдерін айыптады.
Батыс Украина биылтыр Майдандағы негізгі күшті құраған еді. Бірақ елдің шығысында соғыс басталғалы бері бұл өңірде тұратындар «соғысқа барғысы келмейді» деген сынға қалды.
АҚШ сенаторы «Украина депутаты Украинаға кірген Ресей танкілері туралы жалған суреттер беріп, бізді адастырды» дейді. Бірақ Украина депутаты «суреттер жалған» дегенді мойындамайды.
Мәскеу мұсылмандары жеңіл көлік тіркемесін жылжымалы мешітке айналдыратын жобаға қаражат жинауға кірісті.
Тағы