Азаттық радиосында саясаткер Серікболсын Әбділдинмен онлайн-конференция өтті. Алматы, 20 наурыз 2015 жыл.
Қара теңіздегі түбектің байырғы тұрғындары – Қырым татарларының түгелге жуығы 2014 жылғы аннексияға қарсы болды. Арада жыл өткенде олар салт-дәстүрі, құқығы мен қауіпсіздігі аяқасты болғанын айтады.
Ресейде Сталин атын өшіргісі келмейтіндер бар. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресей мәдениет министрі басатаған топ «Совет Одағының ұлы жеңістерінің символы» – Сталиннің музейін ашпақ.
«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қара туы Орталық Азия шекарасына таяу маңға, Ауғанстанның солтүстік аудандарына тігілді деген дерек бар. Ашхабад, Ташкент пен Душанбенің көңілі күпті.
Ресей Қырымды күшпен аннексиялағанына бір жыл толып, Ресейде мұны атап өтіп жатыр. Ал түбек тұрғындары арасында Кремльдің әлімжеттігіне наразылар көп.
Манас - 1990 жылдары СССР-де әскери-саяси училищені бітірген әскери офицер. Ол Украинаның шығысындағы соғысқа үгіт-насихатқа сеніп барып, жарты жылдан соң елге қайтуды жөн көрген.
Кремльдің саясатын қостап, Батысты, оппозицияны жамандап, түрлі сайттарға пікір жазумен айналысатын «тролльдар мекемесінің» бұрынғы қызметкерлері істеген «жұмыстарының» қыр-сырын баяндады.
Еуразия экономикалық одағына мүшелікке өту «жол картасы» аясында Қырғызстанның кеден бекеттеріне арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және орнатумен Ресей компаниясы айналысады.
Ресей қауіпсіздік қызметінің өкілдері аннексияланған Қырым түбегінде тұратын украиналық екі журналистің үйін тінткен. Бақылаушылар бұл әрекетті даулы аймақтағы саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырады.
Ресей президенті Владимир Путиннің назардан «жоғалып» кетуі жайлы алыпқашпа әңгіменің таралуы жеке адамға негізделген авторитарлық саяси жүйеде биліктің ауысуы – ең күрделі мәселе екенін тағы бір көрсетті.
Тәжікстанда тәнін саудалауды кәсіп еткен әйелдер қорлау мен күш көрсетуден қорғану үшін денелерін тұтас жабатын киім киюге көшкен. Бұл өзгеріс жезөкшелермен жұмысты қиындатқанын полиция өкілі мойындайды.
Ауғанстанның Бамиян өңірінде тұратын екі шаруа адамы осыдан 14 жыл бұрын ежелгі заманның тарихи жәдігерлерін қиратуға мәжбүрлі түрде қатысқандарын қынжыла еске алады.
Оппозициялық саясаткердің қазасына күдіктімен аттас тәжікстандық жас азамат әлдекімдер өзін өлтіреміз деп қорқытқан соң жасырынуға мәжбүр болғанын айтады.
Азаттық сайтында наурыздың 13-і күні қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өтті.
Азаттық тілшісі Жаңыл Жусупжан Чукоткадағы Орталық Азиядан барған еңбек мигранттары тұратын Виллингс ауылында болып қайтты.
"Нұр Отан" партиясы съезіне қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан президенттік сайлауға түсуге шақырды. Назарбаев оған бір ғана шартпен "келісетінін" білдірді.
Борис Немцов қазасына күдікті деген Заур Дадаевты "Ресейдің нағыз патриоты" деп атаған Рамзан Қадыров өзінің тирдағы "виртуалды адамдарды" атып жүрген видеосын жариялады.
Борис Немцовтың қазасына күдікті ретінде солтүстіккавказдық бес ер адам тұтқындалды. Кремль бұрын да ауыр қылмыстарға шешендер мен басқа да кавказдықтарды айыпты етіп шығарған еді.
Америкалық саясаткерлер мен публицистердің Ресейге қарсы санкцияны күшейту жайлы ой-пікірлері.
Украинада Виктор Януковичтің билігі тұсында жоғары лауазымды қызметте болған бес адам бірінен соң бірі опат болды. Тергеушілер «олар өздеріне қол салған» дейді. Құпия ажалдың сыры неде?
Тағы