Ресей президенті Путиннің ішкі саясат бойынша негізгі өкілдерінің бірі тілшілерге саяжайын көрсетті. Ал Кремльді сынаушылар оның жылжымайтын мүлікті жемқорлықпен тапқанын айтады.
Ресей қауіпсіздік қызметтері ел азаматтарын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылуға шақырып келген «негізгі үгітшіні» таптық дейді.
Ресейдегі үлкен мемлекеттік телеарнаның бұрынғы екі қызметкері Украина шиеленісі кезінде Кремльдің насихат жасауға қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын айтып берді.
Свердлов облысында мектеп кітапханаларынан британ ғалымдарының екінші дүниежүзілік соғыс жайлы кітаптарын алып жатыр. Авторлардың бірі оларды бұрынырақ неге алмаған деп таңданады.
«Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымы бұдан былай «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылғаны туралы хабарлаған видео жариялады.
Футболдан келесі әлем чемпионатына үш жылдан аз уақыт қалды, қонақтарды қабылдайтын Ресейден «ішкі чемпионатындағы нәсілшілдікті тыйсын» деп талап ететін халықаралық ұйымдар көбейді.
«Путиннің жақын серігі болдым» деген Сергей Пугачев «әу баста оның президент болуға келіспегенін» айтады. Бірақ бұрынғы саясаткер «Путин кейін сұмдық клептократиялық билік қалыптастырды» дейді.
Түркіменстан президенті Қырғызстанға барды, пойыз апатынан 20-дан астам адам қаза тапты, балалар Хиросима құрбандарын еске алды.
Мамырда интернетте ИМ содыры саналған баланың «Ирак тыңшысы» деп бір кісіні атып тастаған жан түршігерлік видеосы шыққан. Енді сол бала әуе шабуылынан қаза тапты деген ақпарат тарады.
Ресейлік туристерді жазғы демалысын Қырымда өткізуге шақыратын жарнамалар шықты. Олар түбекті «жер жәннаты» етіп сипаттайды. Бірақ мемлекеттік арнадағы жарнама мен Қырымдағы туристер ахуалы - жер мен көктей.
Ерлі-зайыпты құқық қорғаушылардың соты, әскери тікұшақ апатының себебі, журналистің қазасынан кейінгі шеру.
Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі "Қырым түбегін Украинаға қайтару үшін барлық тиісті шараларды жасауға" шақырды. Түркияда өткен конгреске қазақстандық делегаттар да қатысты.
Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы жаңа жетекшілерін сайлағандарын мәлімдеді.
Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанның Хорезм облысында сақал қойған, намаз оқитын жастарды құқық қорғау органдарына тергеуге шақырып жатыр.
Қырғызстанның кейбір тұрғындары құрт сату кәсібімен айналысады.
Үкімет басшысы Темір Сариевтің хиджаб және өзге де мұсылман киімдеріне қатысты мәлімдемесі қырғыз қоғамында қызу пікірталасқа ұласты.
ХОК мүшелері 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге Пекин қаласын лайықты деп тапты. Қытай астанасы жазғы және қысқы олимпиаданы қатар өткізген алғашқы қала болмақ.
Қазақстан премьер-министрі Халықаралық олимпиада комитетін 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізу құқығын Алматыға беруге шақырды.
АҚШ Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Тізімге енгізілгендер арасында бұрынғы украиналық шенеуніктер, ресейлік миллардер және Қырымдағы теңіз порттарына иелік ететін компаниялар бар.
АҚШ сексуалды сауда және еңбекке мәжбүрлеп пайдалануға қатысты жыл сайынғы рейтингін жариялады. Онда Қазақстанда адам саудасы құрбандарын қорғаудың төменгі шегі де сақталмайтыны айтылған.
Тағы