Интернетте 25 шілде күні «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының Қырғызстан азаматтарына арналған «үндеуі» жарияланды.
Ресейлік ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Ислам мемлекеті" (ИМ) жасағы әйелдері мен жесірлері қолдау тобын құрып, бір-бірін жұбатып жүр.
Бүгін Қарағандыда бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісіне қатысты алдын-ала тыңдау басталды.
«Ресей прокуратурасы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қатарына кірді деген күдікке ілінген мәскеулік студенттің үстінен қылмыстық іс қозғамайды» деді құқық қорғау мекемесінің өкілі.
Вена түрмесінде өлген Рахат Әлиев Лондондағы Бейкер стриттегі әйгілі үйдің иесі болуы мүмкін.
Ресей әскері ұдайы Украина шығысындағы сепаратистер бақылауында қалған аймаққа барып, ауысыммен қызмет етіп жүр. Қазан айынан бері заңсыз жасақ сапында соғысып жатқан татарстандық ерікті бұл туралы кеңінен әңгімеледі.
Қырғызстан 1993 жылы АҚШ үкіметімен арада жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жойды. Біржақты шешімнің салдары қандай болуы мүмкін? Орталық Азия бойынша сарапшы Эрика Маратпен сұхбат.
Ауғанстанның солтүстігінде соғыс қимылдарының жиілеп кетуі онымен көршілес Орталық Азия елдерін алаңдатып отыр.
Қазақстан әлемде заңсыз сотталғандарды босату ісімен айналысатын Freedom Now халықаралық ұйымына БҰҰ кеңесшісі мәртебесін беруге қарсы шықты
Украинаның Одесса облысына губернатор орынбасары болып баруға келісім берген ресейлік саясаткер түбегейлі әлеуметтік реформаны қолға алып, жемқорлықты жоюға тырысатынын айтты.
Халықаралық адам құқығы бюросының Қостанайдағы кеңсесі тоналып, ноутбуктері жоғалғаны хабарланды. Полиция оқиға бойынша тергеу бастаған.
«Ислам мемлекеті» (ИМ) атты әскери ұйым бақылайтын Сирия мен Ирак аумағында жүргендер үшін «жиһадшы қалыңдығы» болуды романтика санайтын әйелдер бар.
Азаттық бүгін сағат 15.00-де ерекше мұқтаждыққа зәру адамдар жайлы фильмдер түсірген Азиз Заировпен онлайн-конференция өткізеді.
Абақтыдағы әлімжеттікті сынаған телехабар эфирге шыққанан кейін Дағыстан ішкі істер министрлігі мемлекеттік телерадиокорпорация кеңсесіне тінту жүргізді.
Иран мен "алтылық" тобы үздіксіз екі аптадан аса уақытқа созылған келіссөзден соң ядролық бағдарламаға қатысты келісімге келді. Израиль дау тудырған бұл келісімге қарсы болған.
Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген "Славян базары" фестивалінде "Гран при" жүлдесін жеңді. 10 жастағы Луиза Қуатова да балалар байқауының "Гран-приін" иеленді.
Түркияда Сирияға өтпек болған бірнеше тәжікстандықтың ұсталғаны хабарланды. Тәжікстан елшілігі бұл жайында ресми расталмағанын айтады
Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған суретін салғаны үшін айыпталған Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова қазір Киевте тұрады.
Экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовпен қоса Қарағанды облысы экс-әкімінің, Қарағанды қаласы экс-әкімінің және басқа да шенеуніктердің ісін тексеру аяқталып, сотқа тапсырылды.
Уфадағы БРИКС пен ШЫҰ саммиттері кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу жетекшілігіндегі Еуразия одағы мен халықаралық ұйымдар әріптестігі туралы сөз қозғады.
Тағы