Азаттық 1986 жылы 16-17 желтоқсанда СССР коммунистік билігінің шешіміне қарсылық білдіріп Алматыда алаңға шыққан қазақ жастарының шеруі туралы саундслайд ұсынады.
Өзбекстан билігі Әндіжан қаласы орталығындағы 13-ғасырда салынған мұнараны бұзып, орнына фонтан тұрғызбақшы.
Түркияда өзбек оппозициясының қуғындағы лидері Мухаммад Салихты өлтірмек болған деген күдікке ілінген бес ер адамның екеуі жақында Стамбул сотында жауап бермек. Олардың біреуі - Өзбекстан азаматы.
Қарағанды облыстық соты Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің мүлкін тәркілеп, өзінің 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды.
Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Заңды сынап жатқандар да бар.
Кәсіпкер Дмитрий Потапенко Ресей билігін «бизнесті әдейі тұншықтырып отыр» деп айыптады. Оның Мәскеу экономикалық форумындағы сөзі интернетте қызу талқыланып жатыр.
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев 76 жасында өмірден озды.
Мәскеу мен Анкара арасындағы ахуал ушыққаны Анталияда тұратын 40 мыңдай ресейлік мигранттарды алаңдатып отыр.
Түркия Сириямен шекарасында ресейлік ұшақты атып түсіргеннен бері Мәскеу туристердің барыс-келісін тоқтатты. Қазір Түркияның курортты қаласы Анталия қаңырап тұр.
Сот Заречный түрмесіне қамалған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Козлов түрме басшылығы қысым жасап келе жатқанын айтады
Түркия Ресей ұшағын атып құлатқалы Мәскеу мен Анкара араздығының басылатын түрі байқалмады. Мұның екі елмен де жақсы қатынас орнатқан мемлекеттерге қиын тиетіні белгілі.
Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов жылқы өсіру министрі болған еді. Ол елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.
Армениядағы референдумда сайлаушылардың көбі биліктің президенттен парламентке өтуін қолдап дауыс берді. Бірақ референдум нәтижесіне дау айтушылар да бар.
Өлімге бас тіккен террористердің бір ғасыр бұрынғы және қазіргі психологиясы.
Бішкек Қырғызстан билігін шетелдік агенттер туралы заңды қабылдамауға шақырған Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілі Мира Ритманды ел аумағына кіргізбей қойды.
Ресейде құрылыс жұмыстары күрт көбейген кезеңде келіп, кәсіптерін жолға қойған ондаған мың түрік азаматы енді Анкараның Ресей ұшағын атқаны үшін жапа шегуі мүмкін.
Бір жылдан бері түрмеде отырғанына қарамастан, зерттеуші журналист Хадижа Исмаилова Әзербайжандағы сыбайлас жемқорлық пен адам құқығының бұзылуы туралы жазуын тоқтатар емес.
Ауғанстанда алғашқы неке түні пәктігін дәлелдей алмаған қалыңдық өмір бойы азап кешіп өтеді. Олардың кейбірін түрмеге жапса, кейбіреуін тіпті өлтіріп тастайды.
Тәжікстан Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына қосылатын адамдар санын азайту мақсатында елдегі мұсылман дәстүрлерін шектеуді күшейтті.
Қырғыз билігі «теолог Қадыр Маликовке Бішкек қаласында шабуыл жасады» деген күдікке ілінген екі адамның Түркияда ұсталғанын хабарлады.
Тағы