Қазақстан президентінің биылғы жолдауында зейнетақы мен жалақыдан бастап Ресей-Түркия жанжалына дейінгі мәселелер сөз болды.
«Өзбекстан ислам қозғалысы» содырлары туралы осы айда жаңалықтардан жиі айтылды. Содырлар «Талибаннан» бөлінген топпен бірге Ауғанстанда соғысып жүр деген хабар бар.
Қырғызстанда жылына, түрлі есеп бойынша, шамамен екі миллиард доллар, яғни елдің сыртқы қарызының жартысына жуық ақша той-томалақ өткізуге жұмсалады.
Өзбекстан прокуратурасы әлеуметтік желілерде хиджаб киіп түскен фотосы мен діни мазмұндағы жазу жариялаған өзбек қыздарын тергеп жатыр.
Белгісіз жағдайда көз жұмған бес айлық сәбидің әкесі мен әжесі және еңбек мигранттары Санкт-Петербургте жалдап тұрып жатқан пәтерден биліктің бұйрығымен шығарылған.
Ресей президенті Путин мен Түркия басшысы Ердоған авторитарлық ұлтшылдардың айнадағы бейнесі тәрізді. Түркия Ресей ұшағын атып түсірген соң екеуінің татуласуы қиын болатын сияқты.
Баку түбіндегі Нардаран ауылында полиция теолог Тале Багирзадені ұстау кезінде оның жақтастары оқ атты деп мәлімдеді. Бірнеше адамның өлгені хабарланды.
Түркия қорғаныс күштері Сириямен шекарада Ресейдің әскери ұшағын атып құлатты. Бұл оқиғаның халықаралық саясатқа қандай әсері болуы мүмкін?
Тәжікстан ішкі істер министрінің айтуынша, «содырлар ұйымына кірген азаматтардың бірқатары елге оралып, зиянды іс-әрекетін жалғастыруға тырысады».
Қырымға Украинадан электр қуатын жеткізу қиындады. Соның кесірінен жарық сөніп қалған.
Ош облысында зілзаладан зардап шеккендер шатырда тұрып жатыр.
Чаушеску, Арафат және Каддафи қастандықпен өлтіргісі келген генерал Ион Пачепа КГБ мен Таяу Шығыс террористерінің арасындағы байланыс сырын ашты.
Тәжікстанда президентке ресми түрде "ұлт көшбасшысы" атағын беру ұсынысы заң жобасына айналып, парламентке жетті
Президент Назарбаевтың немере інісі, бұған дейін ҰҚК-дегі және саясаттағы қызметімен белгілі Қайрат Сатыбалдыұлының есімі енді банк саласына қатысты жаңалықта да айтылды.
Жексенбі күні Ошта жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Қалың тұман кесірінен лайнер қонатын жолдан шығып кеткен.
AzattyqLIVE хабарында азаматтарды әлеуметтік желідегі жазбаларына бола сотқа тартудың жай-жапсары айтылды.
Екіге бөлінген Босния-Герцеговинада мектептегі оқу бағдарламалары әр ұлтқа бөлек жасалады, таксилер бір қала ішінде шекарадан өте алмайды, ал сырқат жандар үй іргесінде ауруханаға бара алмайды.
Әлем террорлық шабуылдардан тіксініп отырғанда Өзбекстан өз аумағында «терактілердің алдын алуға» кірісіп кетті. Ақпараттарға қарағанда, қазан айының соңынан бері Ташкент маңайындағы аудандарда 160-қа жуық адам тұтқындалған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «Әр маман өзінің орнын басатын адамды дайындауы керек. Бұл - бәрімізге де қатысты мәселе» деп мәлімдеді.
Қазақстанда бензин акцизінің құны екі еседен астамға өспек. Акцизден соң бензин бағасы да қымбаттай ма? AzattyqLIVE хабарында осы мәселе талқыланды.
Тағы