Абдусами Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымына шақырғандарға алданып қалғанын айтады. Шындықты білген бетте Мәскеуге қашқан жігіт қазір Ресейде үреймен өмір сүріп жатыр.
Шешенстанда президент Рамзан Қадыровты ашық сынауға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Ондайға барған кісі айтқан сөздерін қайтарып алып, жұрт алдында кешірім сұрауға мәжбүр болады.
АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары арасында ВТБ банкі мен «Сбербанктің» Қазақстандағы бөлімшелері де бар
Әзербайжан валютасы (манат) күрт арзандаған соң дүкендер жабылып, ел шетелдік валюта немесе ұзақ уақыт қолданатын тауар сатып алуға жүгірді.
Өзбекстан басшылығы генерал Сабыр Рахимовтың атын бұл елдің тарихынан өшіруге тырысып жатыр. Жақында Самарқандағы Рахимов көшесінің атауы өзгертілді.
Сириядан Балқан арқылы Австрияға босып жеткен жас жұбайларға веналық ақсүйек барон үйін паналатып отыр.
Кейбір БАҚ "Қазақстанның оңтүстік қақпасы" деп сипаттайтын "Жібек жолы" кеден бекетінен түсірілген фотогалерея
АҚШ конгресі қабылдаған мемлекеттік шығындар туралы заң Вашингтонның сыртқы саясатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Құжат мұнай бағасының одан әрі құлдырауына да себеп болуы мүмкін.
«Ресей қажет етпесе, мүмкін, Карелияның жеке бөлінгені жөн шығар, осындай референдум өткізсек қайтеді?» деген сауалы үшін жазықты болған депутаттың отанына Азаттық тілшісі барып қайтты.
Ресей Су-24 ұшағының «қара жәшігін» ашты, Арменияда ресейлік сарбазды соттап жатыр, ақпаратты жарықпен тарататын Li-Fi жүйесі шықты.
АҚШ соңғы жеті жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені өсірді. Доллардың нығаюы өзге елдер экономикасына тиімді болуы да, кері әсер етуі де ықтимал.
Алматыда бірқатар журналистердің үйлеріне тінту жүргізген полиция "жалған хабар таратқан" деген негізбен екі басылымға қарсы тергеу бастағанын айтты. AzattyqLIVE хабарында осы мәселе талқыланады.
Донбастан қашып, Ресейдің Псков қаласында тұрып жатқан украиналық босқындарды қонақүйден шығарып жатыр. Олар "Путин далада қалдырмайды" деп сенеді.
Украинада студенттер шеруге шықты, Қытай АҚШ-қа наразы болды, Солтүстік Корея Ким Чен Ирды еске алды.
2015 жылы Еуропа Одағы соғыстан қашқан мигранттар тасқынына қарсы тұрып, күшейіп алған оңшыл саясаткерлермен күресті, одан қалса Ресейдің Украинадағы ахуалға килігуінің зардабын тартты.
Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампанияны ұйымдастырушы Алексей Навальный екі мәрте сот залында тергелді (өзі оны «Кремльдің кек алуы» дейді), інісінің түрмеге қамалғанын және өзі сияқты билікке қарсы тұрған жолдасының оққа ұшқанын көрді.
Түркіменстан президентінің елдің ұлттық символы саналатын ахалтеке жылқсына ықыласы ерекше. Ол асыл тұқымды жылқының «өмірі мен өлімін» реттейтін жарлыққа қол қойды.
Петропавлдық кәсіпкер зейнеткерлерге күніне 50 нанды тегін тарата бастады. Ол мұны "күнкөрісі қиын адамдарға көмегім" деп сипаттайды.
ИМ экстремистік ұйымынан қауіптенетін әлем тұрғындары көбіне оларды әскери жағынан жеңуді ойлайды. Бірақ содырлар идеология арқылы көбейеді. Олардың идеологиясын жеңу маңызды.
Петербургтегі тұрмыстық техника шығаратын зауыттар Түркиядан келетін бөлшектер кеденде бөгелгелі тоқтай бастаған. Автомобиль зауыттары да өндірісті доғаруға шақ тұр.
Тағы