Брюссель тұрғындары әуежай мен метродағы жарылыстан соң ес жиып, қалыпты өмірге оралып жатыр. Ел полициясы террорлық актілерді ағайынды жанкештілер ұйымдастырғанын хабарлады.
Өзбекстанда үйлену тойлары биші қыздарсыз өтетін болған. Мемлекеттік салық комитеті лицензиясы жоқ әртістерді қудалауға кірісті.
ЕҚЫҰ бақылаушылары кезектен тыс сайлаудың «елеулі кемшіліктерін» айтты. ОСК жыл басында өзін өзі таратқан мәжіліс құрамында болған билікшіл үш партия парламентке тағы өткенін мәлімдеді.
Бүгін Ресейде украиналық әскери қызметші Надежда Савченкоға сот үкімі шығуы тиіс.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы даулы аймақта өзбек тарабының бірнеше көлігі мен ондаған сарбазы жиналып қалды. Екі елдің шекара мекемесі өкілдері бұл оқиға жайлы келіссөз өткізіп жатыр.
Белсенді Игорь Каляпин Ресейдегі полиция зорлығымен күресіп келеді. Ол Шешенстандағы ондаған оқиғаны құжатқа түсіргенімен, бірін де сотқа жеткізе алмады. Бірақ Рамзан Қадыровтың қаһарына ілінді.
AzattyqLIVE үкіметтің мемлекеттік мекемелерде гаджеттер қолдануға тыйымын блогер Нұрлан Жанаймен талқылады.
28 панфиловшы жайлы аңыздың ойдан шығарылғаны жөнінде құжат жариялаған Ресей мемлекеттік архиві директоры Сергей Мироненко қызметінен алынды. Ол «өтірік тарих жасағысы келмейтінін» айтады.
Мұнда қарулы адамдар көлікті аяқастынан тоқтатып, тінту жүргізеді. Маска кигендер адамды көлікке салып алып кетеді де, артынан мәйітін жібереді. Өзбекстанда полиция терроры күшейіп тұр.
Өзбекстанда ҰҚҚ-ге қарасты материалдық-техникалық жабдықтау басқарма бастығының орынбасары Игорь Приожков жұмыс кабиентінде өзін атып өлтірген.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон отбасы кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Заң туыстар некесі мен балаға тәжік ұлтына «жат» есімдер қоюға тыйым салады.
Наурыздың 14-і Путин Сириядағы әскерінің «негізгі бөлігін» шығаруды бұйырып, әлемді таңғалдырды. Бес ай бұрын Ресей әскері Сирияда әуе шабуылына кіріскен еді. Тосын шешім астарында не жатыр?
Ресейде ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Белов-Поткинді «Қазақстан билігін құлатуға тырысты» деген айыппен сотқа тартып жатыр.
Бес жыл бұрын көліктегі жарылыстан аяғынан айырылған ингуш имамы Хамзат Чумаковқа наурыздың 11-і тағы қастандық жасалды. Ол жұма намазынан шығып, көлігіне отырғанда басқа автомобильдегі бомба жарылып, жарақат алды.
Ресей бес айға созылған әскери операциядан соң Сириядан әскерінің көбін әкететін болды. Ал Батыс елдері Сирияда саяси өзгеріс жасалғанын қалайды.
Наурыздың 5-і күні наурызда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында жүргізген қауіпсіздік операциясы 25 жылдан бері күн құрғатпай қақтығыс болып келе жатқан бұл аймаққа қайта назар аудартты.
Өзбекстан азаматтарының биометрикалық емес төлқұжаты шетелде жарамсыз болып саналады. Ескі паспортты тек елге оралу үшін ғана пайдалануға рұқсат етілген.
Франция қоғамында Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын кімдер, не үшін қолдап жүргенін зерттеген сарапшы Сесиль Вессьемен сұхбат.
Азаттықтың Facebook-тегі парағында жариялаған «Әлеумет тілшісі» байқауы аяқталды. Оқырмандар ел арасынан шыққан тілшілер жіберген 21 сюжеттің арасынан 1 видеоны үздік деп таныды.
Ресей сотында соңғы сөзін айтқан украиналық ұшқыш үкім оқу бір аптадан әріге кетсе, аштығын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Тағы