2015 жылы Қазақстан экономикасы жағдайы мәз емесі екені білінді. Бұл ел мұнай бағасына тәуелді. Мұнай арзандап, үкімет бір жылда бюджетті үш рет өзгертті. Теңге де күрт құнсызданды.
Әлемдік басылымдар қазақстандық биліктің кейбір солтүстік аудандардағы жағдайға алаңдауы мен елдің этникалық құрамының өзгеруі жайлы жазды.
Киевте «ғасыр құрылыстары» туралы көрме ашылды. Көрменің басты идеясы - қазіргі Ресейдің империялық агрессиясын сынау, әлемдегі қазіргі жағдайды түрлі туындылармен бейнелеу.
Иран парламентіндегі қатаң саясат ұстануды жақтайтын депутат «парламентте әйелдердің жұмыс істеуіне рұқсат етпеу керек» дегені үшін сынға ұшырады.
«Мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеймін» деген Дональд Трамп Республикалық партия атынан сайлауға түсуі мүмкін.
Қарауындағы төрт жасар баланы өлтіріп, оның басын Мәскеу көшесінде ұстап жүрген бала күтуші өзбек әйел бұл қылмысты жасауға «Аллах бұйрық берді» деп мәлімдеді.
Қазақстан дәрігерлері өзінің білім деңгейін биылдан бастап ақша төлеп бағалатады. Бұрын дәрігердің жалақы мөлшеріне әсер ететін бағалау шығыны дүниежүзілік банк бөлген қаржы есебінен жабылған.
Ресей прокуратурасы Украина әскери ұшқышы Надежда Савченконы 23 жылға жалпы режимдегі колонияда бас бостандығынан шектеуді сұрады.
Грекияның Лесбос аралында босқындар қаптап барады. Македония шекарасын жапқалы бері олардың барар жері қалмай тұр.
Forbes тізіміндегі Қазақстан байларының табысы кеміді. Әлемдегі байлар саны да, олардың байлығы да азайған. Forbes жаңалығы Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг болып отыр.
Тәжікстанның Фархор ауданындағы қышлақта тұратын 62 жастағы ақын мадақ өлеңдері үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сыйлықтар алған.
Ирандағы сайлауда 20 әйел парламенттен орын алуы мүмкін, бұл – Ислам Республикасы үшін рекордтық көрсеткіш.
Facebook-тегі оқырмандарымыз арасында жарияланған байқауға видео қабылдау аяқталды. Байқау қорытындысы наурыздың 9-ы шығады.
Тәжікстан ұлттық университетінің кей факультетінде ақпан айынан бастап «Эмомали Рахмон – жаңа Тәжікстанның негізін қалаушы» лекция курстары енгізілді.
АҚШ-та оққа ұшқан екі жасөспірімнің Қазақстаннан асырап алынғанын Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілдігі ресми түрде растады.
Қырғызстан президенті жанындағы мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссия журналистерге қырғыз тілінен сөйлеу және жазу мастер-кластарын өткізбек.
Өзбекстанның арнайы қызметі БҰҰ қолдауымен шыққан «Дебат жөніндегі нұсқаулық» оқулығын «жастарға зиянды» деп танып, авторларына қылмыстық баптармен айып тақты.
Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан Ангрен–Пап электрленген теміржолы құрылысын аяқтаған.
Солтүстік Осетияны басқарғанына небәрі бес ай болған Тамерлан Агузаров өткен аптада Мәскеу емханаларының бірінде қайтыс болды.
Bellingcat зерттеу тобы МН17 рейсі ұшағының апатқа ұшырауына Ресей билігі мен әскерилерінің қатысы болуы мүмкін екенін көрсететін деректер бар баяндамасын жариялады.
Тағы