Түрік журналистері босқындар дағдарысын шешу үшін Анкараның жәрдеміне сүйенетін Еуропа Одағы Түркиядағы баспасөз еркіндігінің жағдайына көз жұма қарайды дейді.
Тәжікстанның билік өкілдері жезөкшелерді кәсібінен жиренту үшін тегін курстар өткізе бастады.
AzattyqLIVE офшордағы жасырын қаржы, олардың иелері мен заңдылығы және «Панамагейт» жанжалын Қазақстанда қалай қабылдағанын талқылады. Хабарға журналист Жанболат Мамай қатысты.
Қырғызстан экс-президенті Роза Отунбаева Азаттыққа сұхбатында Сәуір төңкерісінен кейінгі саяси ахуал, билік пен оппозиция қарым-қатынасы және шекарадағы проблемалар туралы айтты.
Қазақстандық бизнес пен тұтынушылар теңге «еркіне жіберілгелі» бері жаңа жағдайға бейімделді ме? AzattyqLIVE бұл туралы кәсіпкер Райымбек Баталовпен талқылайды.
Украинаның шығысындағы қақтығыс шебінде тұратын адамдардың өмірі гуманитарлық көмекке тәуелді.
200-дей босқын, көбі Пәкістан азаматтары, ЕО мигрант дағдарысын шешу жоспарын әзірлеп жатқандықтан, қайтадан Түркияға оралды. Ал Түркия азаматтары оларға мазасыздана қарайды.
Шығыны еселеп өсіп, іске қосылуы шегеріліп келген Ресейдің «Восточный» ғарыш айлағы бірер аптада алғашқы зымыран ұшырып, сынап көрмек. Бірақ айлақтың толық жұмыс істейтін күні алыс.
Моңғолияда өткен "Түйе фестивалінің" көріністері. Оған мыңнан астам түйе қатысты.
Apple компаниясы негізін қалаушы Стив Джобс СССР-де қайта құру кезеңі басталған кезде дербес компьютерлер шығару туралы ұсыныспен Мәскеуге барған. Бірақ оның көздегені орындалмаған.
Таулы Қарабақ аймағында жағдай күрт шиеленісіп, қарсылас тараптар арасында кескілескен шайқас жүріп жатқаны хабарланды. Баку мен Ереван қарулы жанжалға бір-бірін айыптады.
«Ислам мемлекеті» тобы қатарын толтыру үшін Сириядағы майдан алаңын «бала-шағамен тұруға ыңғайлы жер» деп дәріптеуге көшті. Олардың үгіт-насихаты Орталық Азия елдеріне бағытталған.
Вашингтонда өтіп жатқан ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – терроршылар қолына ядролық материалдардың түсуіне жол бермеу.
Қырымда туып-өскен шахматшы Сергей Карякин шахматтан әлем чемпионы атануға тырысатынын, 2009 жылы отаны Украинадан теріс айналып, Ресейге көшкенін, Путинді қолдайтынын баяндады.
AzattyqLIVE хабарында «Уральская неделя» газетінің редакторы Рауль Упоровпен аймақтық баспасөздің жай-күйін талқылаймыз.
Ресей православ шіркеуі өкілі болған кезінде Всеволод Чаплинге ешкім тимейтіндей көрінген. Ресейде БАҚ арқылы танылған ол әсіреконсервативтік пікірлер айтатын. Енді ол жұмыстан босады.
Ұзақ уақыт билікте отырған автократ басшылары бар Орталық Азия мемлекеттерінде келесі басшы кім болатынын бұл елдердегі саяси жүйелердің түсініксіздігі кесірінен болжау қиын.
Израиль өкілдері Брюссельдегі террорлық әрекеттен соң Еуропа мемлекеттерінің әуежай қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңес сұрағанын айтады.
БҰҰ трибуналы бұрынғы босниялық серб командирі Радован Караджичті 1992-1995 жылдары болған Босния соғысы кезінде геноцид ұйымдастырды деп танып, 40 жылға соттады.
Қырғызстанда 2005 жылдың 24 наурызында Асқар Ақаев режимі құлады. Президент Ақаев Ресейге қашып кетті. Бұл елде 25 жыл ішінде екі революция болды.
Тағы