Батыс Еуропа елдері Шавкат Мирзияевтен енді реформалар күтетіндерін, сайлауды "әділетсіз өтті" деп санайтындарын білдіріп үлгерді. Ал постсоветтік елдердің басшылары Өзбекстанның жаңа президентін жаппай құттықтап жатыр.
Өзбекстан азаматтары желтоқсанның 4-і күні президент сайлауына дауыс берді. Елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің орнын үкімет басшысы Шавкат Мирзияев басады деген болжам басым.
Өзбекстанда сайлауалды науқан мәреге таяды - желтоқсанның 4-і, жексенбі күні ел азаматтары президент сайлауына дауыс береді.
Қазақстанда СПИД-пен күрес қалай жүріп жатыр? AzattyqLIVE тақырыпты ВИЧ сырқаттары ассоциациясы басшысы орынбасары Любовь Чубуковамен талқылады.
Желтоқсанның 4-і күнгі референдумнан соң Италия да Еуропа Одағынан шығуы мүмкін.
Қазақстанда және шетелдерде Назарбаевтың бірнеше ескерткіші бар. Әлеуметтік желілерде жұрт Астана мен Алматының сәулет кешендерінде Назарбаевқа ұқсайтын бейнелер бар екенін жазады.
Түркіменстаннан шыққан пойыз Тәжікстан арқылы Ауғанстанға баратын теміржол құрылысы қарашаның 28-і күні шекарадан өтті. Ауғанстан жағында осы теміржолдың алғашқы бекеті ашылды. Алайда құрылыстың жалғасуы күмәнді.
Жер реформасына қарсы өткен Атыраудағы митингіге қатысқаннан кейін қылмыстық баптар бойынша айыпталған азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім шықты. Белсенділердің әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихындағы маңызды оқиғаларға Азаттық жасаған шолу.
Кубаны жарты ғасырға жуық билеген елдің бұрынғы басшысы Фидель Кастроның қайтыс болғаны туралы хабарды жұртқа оның інісі, 2008 жылдан бері елді басқарып отырған Рауль Кастро хабарлады.
1930 жылдары СССР-да болған «Үлкен террор» - саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД қызметкерлерінің тізімі жарыққа шықты. Жобаны «Мемориал» халықаралық құқық қорғау қоғамы іске асырды. Тізімде Қазақстанда репрессия жүргізген жендеттердің де аты-жөндері берілген.
100-ден астам түркиялық мұғалімді Пәкістан депортация жасап, Түркияға қайтармақ, бірақ олар отанына оралғысы келмейді. Түркия мемлекеті мыңдаған мұғалімді жұмыстан шығарып, жауапқа тартқан болатын. Олар соның кебін киюден қорқады.
Түркіменстанның Ауғанстанмен шекарасының түбіндегі Марчак ауылы тұрғыны ахуалды «Мұнда күн құрғатпай оқ атылады, мүмкіндік болса, бірден басқа жаққа көшер едік» деп сипаттады. Ал Түркіменстан үкіметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды дейді.
Халықаралық іздеуге түскен шетелдегі өзбекстандықтар жаңа билікте марқұм Каримовтың қудалау саясаты өзгермегеніне қапалы. Олар «қара тізімнен» енді қалай шығатындарын білмейді.
Украина ұлтшылдары Абырой мен бостандық күні Киевте «Петр Порошенкоға сұрақ» атты акция өткізді. Осы күні халыққа жасаған үндеуінде президент Порошенко «алаңға шыққандарды сатқынға баламау» мен Ресей жоспарын айтып өтті.
AzattyqLIVE ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) енгізілген өзгерістерді талқылады. Студия қонағы - EDTECH халықаралық білім орталығы жетекшісі Ғани Бейсембаев.
Тағы