Түркіменстанда ерекше танымал әншінің бірі Назир Хабибов абақтыға түсті. Жұрт оған тағылған айып жала ма, шын ба деп күмәнданады.
Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихындағы маңызды оқиғаларға Азаттық жасаған шолу.
Жер шарында әр жеті секунд сайын жасы 15-ке толмаған бір қыз еркінен тыс күйеуге беріледі. Иранның орталықтан қашық кейбір аймақтарында да қыздарын жастай тұрмысқа беру үрдісі жалғасып келеді.
Қарашаның 9-ында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы арасында 10 жастағы өзбекстандық та бар төрт жендет баланың Мосулда тұтқындарды өлтірген сәті түсірілген 14 минуттық видео таратты. Видеода ол баланың есімі «Абубакр Өзбеки» екені айтылады.
Ақпарат министрінің мемлекет қаржыландыратын облыстық газеттерді «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» басылымдарына біріктіріп, «басқаруды орталықтандыру» ұсынысына өңірлердегі журналистер қарсы. Министр бастаманы «облыстық басылымдарды құтқару шарасы» деп бағалайды.
Қарашаның 15-і күні журналист Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғаны хабарланды. Азаттыққа мұны коррупциямен күрес бюросы растады. Ал ол басқаратын редакция ұжымы әріптестерінің ұсталғанын баспасөз хабарламасынан білген.
Оппозициялық «Өзбекстанның халық қозғалысы» жуырда таратқан мәлімдемесінде елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияевты «мемлекеттік төңкеріс жасады» деп айыптаған. Ұйым басшылары бұл жайт «оның билігіне қарсы күресте ең радикалды тәсілдерге жүгінуді заңды етеді» деп санайды.
Тұтқындардың жолданбай қалған хаттары, жұмыс қолғаптары мен тозығы жеткен қысқы аяқ киімдері, сынған гитара. Чехиялық энтузиастардың арқасында ГУЛАГ-тың қараусыз қалған 15 лагерінен табылған осындай заттарды енді онлайн-режимде көруге болады.
Өзбекстандағы президент сайлауы қарсаңында елдің президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, жұрт проблемаларын айту үшін телефон желісін ашып қойды.
Орталық Азиядан Ресейге барған еңбек мигранттары ондағы әйелдермен көп некелеседі. Ресей заңдарында көп әйел алуға тыйым салынған, бірақ полигамияға қылмыстық жауапкершілік жоқ.
АҚШ президенті сайлауында Республикалық партия кандидаты Дональд Трамптың жеңіске жетті. Оның бәсекелесі, Демократиялық партия үміткері Хиллари Клинтон жеңімпазды құттықтаған.
Ауғанстанда өз ауылдарын «Талибан» шабуылынан қорғау үшін ондаған әйел қолына қару алып, жаңадан құрылған әйелдер жасағына қосылған.
АҚШ-тағы сайлау қарашаның 8-і өтеді. Мақалада сайлауға Демократиялық партиядан түсіп жатқан Хиллари Клинтон мен республикашыл кандидат Дональд Трамптың және екі партияның вице-президенттікке ұсынған тұлғалары мен басқа партиялар үміткерлерінің өмірбаяндары берілген.
Астана соты "билікті күшпен басып алмақ болды" деп те айыпталған шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Владимир Путиннің жеке өмірі мемлекеттік құпия саналады. Оның үйленіп алуы, тіпті кішкентай балалары болуы да мүмкін. Бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шыққан сияқты. Кремль жұрт қиялына ерік беріп, бұл тақырыпқа қатысты ешқандай түсінік таратпай отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихындағы маңызды оқиғаларға Азаттық жасаған шолу. Тәуелсіздіктің әр жылында болған саяси-қоғамдық оқиғаларды "Тәуелсіз 25 жылдың бүтін бейнесі" сериясынан көре аласыз.
AzattyqLIVE елде соңғы кездері түсірілген фильмдерді талқылады. Хабар қонағы - Пусан кино фестивалінде бас жүлде алған «Өліара» қысқа метражды фильмінің авторы, режиссер Елзат Ескендір.
Шетелде жүрген өзбек босқындарының елдерінде қалған туыстарының үйлері де тінтіліп жатыр. Тінтуге түскен үйлерден сыртқа кеткен ағайындарының оралуын талап еткен.
Тағы