Қырғызстан парламенті әкімшілік жауапкершілік кодексіне қоғамдық орындарда балағаттағаны, ұсақ бұзақылық жасап, алкогольді ішімдік ішкені үшін қолданылатын жазаны күшейту туралы түзетулер енгізуді мақұлдады.
Салом Юнусовтың бір ұлы Тәжікстан армиясы қатарында бүлікшілермен шайқаста мерт болған, екіншісі Сирияда жихадшыларға қосылып, соғыста ажал құшты. Қария Сирияда қалған немерелерін уайымдайды.
Шетелдегі өзбек диаспорасының жаңа буыны "демократияға деген ұмтылысымыз Өзбекстандағы өзгеріске ықпал етер" деп үміттенеді.
Өзбектің шапаны мен тақиясын киіп, қолына бір қазан палау ұстаған Сергей Светлаков жарнама суретінде жұртқа күлімсірей қарайды. Оның иығынан басын салбыратып есек тұр.
АҚШ президенті Дональд Трамп ExxonMobil компаниясы басшысы Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне ұсыну арқылы сайлау науқаны кезінде берген уәдесін орындап, Ресеймен достасу ниетін көрсетті.
Желтоқсанның 16-сы қарсаңында Алматыдағы кейбір ірі ЖОО студенттері демалыс алып, көбі ауылдарына қайтты. Ал қалада қалғандарына «алаңға бармай, сессияға дайындалыңдар» деген ескерту айтылған.
Ресейдегі әлеуметтік консерваторлар "беби-бокстарға" (баласынан бас тартқан аналарға жасырын түрде сәбилерін қалдыруға құқық беретін жәшік) тыйым салу керек дейді.
Неміс сарапшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев "кісі қолынан қаза тапқан" деп мәлімдеді. Бұған дейін "Рахат Әлиев түрмеде өзі асылып қалған" деген ақпарат тараған еді.
Өзбекстанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны Акмаль Расулов «елге діни әдебиетті кіргізуге әрекеттенді» деген айыппен бес жылға сотталды. Оның туыстары үкімге наразы әрі «кінәсі дәлелденген жоқ» дейді.
Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихындағы маңызды оқиғаларға Азаттық жасаған шолу.
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, ел азаматтарының басым көпшілігі конституцияға өзгертулер енгізуді мақұлдаған. Референдум заңды деп танылды.
Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязов 9 желтоқсанда француз түрмесінен бостандыққа шықты. Франция мемлекеттік кеңесі оны экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды.
Астанада Қазақстан журналистер одағы төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот шешімі шықты. Апелляциялық алқа Матаевтар шағымын қанағаттандырмады.
Қырғызстан халқы желтоқсанның 11-і күні конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс береді.
Украина президентіне жемқор деп айып таққандардың жаңғырығы шет елдерге жетті. Сыртта жүрген депутат Александр Онищенко жемқорлық туралы фактілерді АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросына бергенін айтты.
25 жыл бұрын – 1991 жылғы желтоқсанның 8-і күні Брест қаласы түбіндегі Вискулиде - Беловеж орманындағы үкімет резиденциясында кездескен Ресей, Украина және Беларусь басшылары қол қойған келісім нәтижесінде Совет одағының дәурені аяқталды.
АҚШ-тан саяси баспана сұраған Ресей азаматтары төрт жылдан бері үздіксіз көбейіп келеді. Биыл соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткіш тіркелген. Ал Владимир Путиннің үшінші президенттік мерзімі басталғалы АҚШ-ты паналағысы келетіндер саны екі есе өскен.
Мүгедек адамның рөліне еніп, банктен қарапайым кеңес алуға келген Ресейдегі «Сбербанк» төрағасы интернетте күлкіге қалды. Жұрт оны «шынайы өмірден алшақ адам» деп сипаттап сынап жатты.
Тағы