Кабулда ауған арнайы қызметі ғимаратының алдында жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кем дегенде алты адам қаза тапты.
Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгоз өз сұхбатында Қырым татарларына қарсы репрессия мен Түркия президенті Ердоғанның көмегі туралы айтып берді.
Дональд Трамптың президент болғалы бір жылдай уақыт өтті. Алайда оның танымалдығы Ақ үйдегі қызметіне кіріскен кездегіден гөрі төмен. Оның себебі неде? Президенттігінің алғашқы жылында Трамптың жеңісі көп пе, әлде жеңілістері көп болды ма? Дональд Трамптың сыншыларын не мазалайды? АҚШ-Ресей қатынасы оңала ма? Экономикадағы өсім Трампқа неге көмектеспей отыр?
Ресей қалаларында өткен жиында бастамашы топ оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 2018 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды.
New York Mellon (BK.N) банкі "Рейтерс" агенттігіне Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттағанын хабарлады. Мұндай сирек шешім Қазақстан үкіметі мен молдовалық инвестордың арасындағы дау өршіген кезде қабылданған.
Астанада Сирия келіссөзінің сегізінші кезеңі басталды. Нью-Йорк соты "ДАИШ-ке қосылмақ болды" деп айыпталған қазақстандықтың үкімін шығарды. Қызылорда тұрғындары газ сапасы нашар дейді.
2017 жылы "фейк хабарлардың" толассыз тарағаны соншалық, «Коллинз» ағылшын сөздігі бұл терминді «жыл сөзі» деп атады.
Қазақстан парламенті бейсенбі күні Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Сенаттағы талқылауға қатысқан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев заң өзгерістерін "барша БАҚ өкілдері қолдағаны" туралы мәлімдеді. Сөз бостандығын қорғаушы Тамара Калеева министрдің сөзін "салдарын түсінбеушілікке" немесе "қулыққа" балайды.
Мансур 13 жаста болса да, тоғыз адамы бар отбасын асырап отыр. Ол қарындастары мектепте оқысын деп Кабул көшелерінде арба сүйрейді.
Осы аптада Bloomberg БТА Банкінің «жоғалған активтерін» іздеу, Әблязов және Храпуновтың отбасына «Атлант мұхитының екі жағынан» тағылған айыптар жайлы егжей-тегжейлі жазған. Батыстың өзге БАҚ-тары Қазақстан интернетті бақылауды күшейтті және телеаудитория үшін таласта Ресейден ұтылып отыр деп жазған.
Азаттық 60 секундта Қазақстан тәуелсіздігінің тарихын шолып шықты.
Ресейде тұтыну тауарларының бағасы тамыз бен қыркүйекте арзандаған соң қазан айынан бері қайта қымбаттап жатыр. Билік елде күтпеген жерден азық-түлік дефляциясы байқалғанын айтады. Шынымен солай болды ма? Азаттықтың Орыс қызметі билік деректерімен салыстыру үшін азық-түлік пен өзге тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерінің бағасына жыл бойы бақылау жүргізген жобасын жалғастырады.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 13 желтоқсанда Өзбекстанға барды. Президент аппаратының хабарлауынша, мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы ресми сапары барысында Жээнбеков Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, премьер-министр Абдулла Арипов және парламент спикері Нигматилла Юлдашевпен кездеседі.
Қырымда Феодосия қаласының тұрғыны, қырым татары Сулейман Қадыровтың соты басталмақ. Оны Facebook әлеуметтік желісінде "Қырым – Украинаның жері" деп комментарий жазып, сепаратизмге шақырды деп айыптайды. Алдын ала сот тыңдауы 11 желтоқсанда жабық жағдайда өткен, іске қатысты алғашқы сот отырысы 20 желтоқсанға белгіленген.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының төрт шахтасының кеншілері желтоқсанның 11-і түнгі ауысым біткеннен кейін жер бетіне шығудан бас тартты. Көміршілер кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов «шахтерлердің негізгі талабы – жалақыны 100 пайыз көбейту» екенін хабарлады.
Кіші Гэри Пауэрс әкесі - америкалық әскери ұшқыш жайлы мәліметтерді баяғыдан жинап келеді. 1960 жылы үлкен Пауэрс Байқоңыр мен Арзамас-16 ядролық қаруды құрастыру орталығын әуеден суретке түсіруі тиіс болған, бірақ оның ұшағын атып түсірген, ал кейінірек ұшқышты совет барлаушысы Рудольф Абельге айырбастаған.
Тағы