Луристан провинциясы Элигудерз ауданы орталығында наразылық акциясына шыққан адамдар "Хаменеи, ұялғын! Мемлекетті босатқын!" деп ұрандады. Иран. 4 қаңтар, 2018 жыл.
Технология компаниялары компьютер мен смартфон процессорларының қауіпсіздігіне төнген жаңа қатерлердің жолын алмақ болып жанталасып жатыр.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны әшкереленді" деп хабарланды.
Омурбек Бабановтың "саясаттан біржола кетемін" деген мәлімдемесін Қырғызстан қоғамы әрқилы бағалап жатыр.
Иран билігі орталық арналарынан жақтастарының шерулеткенін көрсетіп жатыр. Бұдан бұрын Иран қалаларында билікке наразылар толқуы бір аптаға созылған.
Иранда жалғасып жатқан наразылықтар кезінде тегерандық бірнеше тұрғын тұрмыстары туралы айтады. AFP видеосы.
Иранда қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық жағдайға қатысты талаппен басталып, ел билігіне қарсы ұранмен жалғасқан, бірнеше адам мерт болған наразылық акциясы қаңтардың 2-сіне ауған түні де жалғасты.
2017 жыл несімен есте қалады? Өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды оқиғалары деп нені айтар едіңіз? Қазақстан саяси, құқықтық, экономикалық салада ілгерледі ме, әлде кері кетті ме? AzattyqLIVE хабарында осы және өзге де сұрақтарға саясаткер Дос Көшім жауап берді.
Қырғызстан парламентінің депутаттары сән көрмесінде итке қырғыздың ұлттық қалпағын кигізген дизайнерді жауапқа тартуды талап етті. Депутаттар ұлттық киімді жануар не үй хайуанына кигізуге болмайды деп санайды.
Тәжікстанда жұмыс істеуге қауқарсыз әке-шешесін қараусыз қалдырып, тағдыр тәлкегіне тастап кеткендер үш жылға дейін сотталады.
Қырым татарлары Бақшасарайдағы Хан сарайына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына наразы. Олар Ресей тарихи жәдігерді бұзып жатыр деп айыптайды.
Астанада автобус жүргізушілері наразылыққа шықты. Петропавлдағы жылусыз ауылдың жағдайы. Сириядағы деэскалация аймағына бомба тасталды.
Ташкент пен Хорезм облыстарындағы қант зауыттары уақытша жабылып, жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберді. Ресми дерек бойынша, девальвациядан кейін екі зауыт шығынға батып, жұмысшыларына жалақы төлей алмаған.
Украинские правозащитники отправили в Кремль посылку с «непраздничными подарками Путину». В посылку вошли энциклопедия нарушений прав человека в аннексированном Крыму, отчеты о насильственных исчезновениях, о расовой дискриминации на полуострове.
Тәжікстанның дін істері комитетінің өкілдері бұл шара халықтың әлеуметтік ахуалын қиындатпау үшін жасалып отыр деп түсіндіреді.
Түркіменстанның қазіргі билігі елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың қайтыс болған күнін ерекше атап өтті. Гурбангулы Бердімұхамедовтың бұл әрекетіне не себеп болды?
Ресей бас прокуратурасы ұлттық республика мектептерінде Ресей халықтары тілдері ішінен таңдалған ана тілі мен республикалардың мемлекеттік тілдерін ерікті түрде оқып, үйренуге қатысты жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша әзірлеген есебін президент Владимир Путинге жолдады.
"Нұрлы жол" вокзалына, Назарбаев университетіне және Жоғарғы сот ғимаратына бомба қойылды деп телефон шалған.
Тағы